Абдикадырова Алия Слановна
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақжар ш/а КМҚК «№194 бөбекжай-балабақшасы» меңгерушісі
СЫЙ ТАБАҚТЫҢ СЫЙҚЫРЛАРЫ МЕН СЫРЛАРЫ
Мақсаты: Мектеп жасына бейінгі баланыі бойына отбасы мүшелерімен бірлесе отырып сый табақ, қонаққа арналған тарту түрлері мен мән-мағанасы, мазмұны туралы түсінік қалыптастыру.
Осы аталған тақырып аясында КМҚК «№ 194 бөбекжай-балабақшасы» «Балғын» тобының балаларымен «Әкелер мектебінің» жұмысы барысында әкелермен топ тәрбиешісі Жұматаева Айнур Бекенқызы «Сый табақтың сыйқырлары мен сырлары» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара аясында әкелер мен балаларға қой малының сүйектерінің түрлері туралы түсінік берілді.
Қазақта мүше тарту – туыс-туғанға, жекжат-жұрағатқа, құрметті қонаққа арнайы берілетін кәделі ас екені мәлім. Оны кәделі мүше деп те атайды.
Мәселен, әрбір табақта адамдардың құрамына байланысты сыйлы адамға арналған бас, жамбас, құда-құдағиға арналған құйрық-бауыр, күйеу балаға арналған төс, дос-құрдасқа арналған жауырын, қыз-келіншекке арналған үлпершек, балаларға арналған бүйрек сияқты кәделі мүшелердің болуы шарт. Бұл мүшелердің әр қайсысы сыйлы адам үшін – «елге бас көз болып жүрсін», құда-құдағи үшін – «бауырдай бауырмал, майдай сіңімді болсын», дос-құрдас үшін – «құшағымыз жауырындай жазылмасын», қыз-келіншек үшін – «үлпершектей жұғымды бол», балалар үшін – «бүйректей сүйкімді бол», тағы да басқа емеурінді білдіреді.
Қазақтың сүйек түрлеріне де, қойылған маңызды – мағыналы фольклорлық дүние танымы өте бай болғандығының негізіне сүйене келе, қазіргі таңда шаңыраққа тұмар деп білуге болатын бірнеше сүйектен құралған жинақтың атауы мен мағанасына тоқтала кетсек: 1- тоқпан жілік, 2- қос жамбас, 3- жауырын, 4 — кәрі жілік. Осы аталған мүшелердің өзіне тән мән-мағына дарытып келген. Мысалы:
Сурет қоясыз
Отбасының береке-бірлігі мен ұйытқысы екі адамға байланысты. Отағасы мен отанасының шаңырақтарың биік болсын, жұптарың жазылмасын, қазан ошақтарың майлы болсын, дастарқандарың мол болсын, ғұмыр жастарың ұзақ болсын, өрістерің кең болсын, жолдарың ашық болсын, кәрі жілік батыр іспеттес болғаннан соң, осы үйді қорғап тұрар асық ойнар балаларың көп болсын деген мағанада шаңырақтың тұмары деген ұғым қалыптасып тұрғаны сөзсіз. Іс-шара соңында әкелер мен балалар қой малының сүйектерінен тұмар құрастырды. Жалпы айтқанда, бұл іс-шараның тәрбиелік маңызы зор, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, балалардың ой-санасының, білімінің дамуына зор үлес қосары анық.