Home » Детский сад » Тәуелсіздік ел тұғыры

Тәуелсіздік ел тұғыры

Қазақстан Республикасының 1 желтоқсан күніне арналған мерекелік іс-шара.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме! Құрметті қонақтар, достар. Бүгін біз барлық қазақ халқына маңызды мереке Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлап отырмыз,

Жүргізуші: Здравствуйте, уважаемые гости! Поздравляю вас с очень важным для каждого казахстанца праздником – Днем Независимости.

Қазақстан Респуликасының әнұраны орындалады

 Қазақстан Республикасының әнұраны

Гимн Республики Казахстан

Жүргізуші:  Біздің Республикамыз қалай аталады?

                        Қазақстан

Біздің Елордамыз қай қала?

                        Астана қаласы

Біздің Елбасымыз кім?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

Жүргізуші:  Балалар сендер Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіндер ме?

Жүргізуші: Ребята, какие символы РК вам известны?

Балалар:      Ту, Елтаңба, Әнұран.(флаг, герб,  гимн )

Жүргізуші:  Тудың ортасында не орналасқан?

Алтын күн

Күннің астында не орналасқан?

Қыран құс

Тудың шетінде не орналасқан?

Ою — өрнек

Елтаңбаның екі жағында не орналасқан?

Қанатты аттар

Елтаңбаның ортасында не орналасқан?

Шаңырақ

Елтаңбаның үстінде не орналасқан? Жұлдыз

Жүргізуші: Енді біздің Қазақстанымыз туралы тақпақтарды тындайық.

Елімнің атын айтсам – Қазақстан
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан
Қойнауы қазынаға толы мекен
Байлығым атын айтсам – Қазақстан

***

Қазақстан – менің мақтанышым
Қазақстан – өзен, көлдер, теңіздер
Қазақстан – қала, жасыл ауылдар
Қазақстанның табиғаты тұнған байлыққа.

***

Жүргізуші: вот так – дружно, весело, мирно и живут казахстанцы всех национальностей и всех возрастов.

Жүргізуші: Балалар сендер қазақстанымыздың картасын көргенсіңдер, білесіңдер біздің елімізде 16 облыс орталықтары бар. Қане олай болса қазақстан картасын жинап көрсетейік. (балалар пазл ретінде картаны жинап шығады)

Жүргізуші: Біздің Отанымыздың елордасы Астана қаласы. Қазақстанымыздың жүрегінде орналасқан. Енді осы астанамызға арналған тақпақтарымызды назар аударыңыздар

Орнымыздан тұрайық

Құс болып қанат қағайық

Астананың төрінде

Бәйтерекке ұқсайық

***

Ер еңбегі шалқып –асқан,

Ел төрінде бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

 

Қуат алған өзіңнен,

Туған жердің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін

Жүргізуші: Наша столица  Астана она прикасна.

Исполняется танец  «Астана»

Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар сіздерді осы үлкен мерекемен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Қазақстанымыз гүлдене берсін, заманымыз тыныш болсын. Назарларынызға көп рахмет

«Бәйтерек» (ойыны)

Музыка залында кілемде үш шеңбер жатады, ортасында сары доп немесе шар.

1 Бөлімінде

Балалар шеңбер бойымен жүреді шапалақтайды, секіріп жүреді.

2 Бөлімінде

Барлығы шеңберге барып «Бәйтерек» жасайды. Бір бала шеңбердің ішіне кіріп допты алады жоғары көтеріп тұрады. Қалғандары қолдарынан ұстап оның сыртында шеңбер жасайды.

3 Бөлімінде

Енді барлығы әдемі әнмен айналып жүреді.

Ойын үш рет қайталанады.

«Жүгіреді балалар»

  1. Жүгіреді, жүгіреді кішкентай балалар-2 (балалар шеңбер бойымен жүгіреді

Ал енді тұрады, орнында жүреді -2рет (тоқтап орнында жүреді)

  1. Жүгіреді, жүгіреді кішкентай балалар-2 (балалар шеңбер бойымен жүгіреді

Ал енді тұрады, қолдарын соғады -2рет (тоқтап шапалақтайды)

  1. Жүгіреді, жүгіреді кішкентай балалар-2 (балалар шеңбер бойымен жүгіреді

Ал енді тұрады, оңға бұрылады, ал енді тұрады солға бұрылады(балалар оңға солға бұрылып билейді)

Абишева Ботагоз Нурлыбаевна

Степногорск қаласы
«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасы

Музыка жетекшісі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*