Home » статьи » ШӘКІРТІММЕН МАҚТАНАМЫН

ШӘКІРТІММЕН МАҚТАНАМЫН

 «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ұстаз болып, балаға білім беру көп адам қолынан келе бермейді. Әр баланың қабілетін ашып, кемел келешекке жол сілтер педагогтарымыздың арқасында көптеген оқушының болашағы жарқын болуда. Ұстаз үшін ең қуанышты жағдай, шәкіртінің биік белестерді бағындырғаны. Бүгінгі сәби, ертеңгі еліміздің тірегі. Міне, балабақшадағы кішкентай сәбилерімізді білі нәрімен сусындатып жүрген биылғы жылдың «Үздік жас маманы» атағына лайықты тәрбиешілерімізбен сұхбат жүргізген болатынмын.

Серікова Гүлсезім Серікқызы «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі

— Балабақшада қызмет істеген күннен бастап, әрбір баланың психологиясы мен қабілетін аша білдім. Әр қайсысысының деңгейін анықтап, оларға ұнамды дүниелерді үйретуге тырысамын. Әмбебап балдырған ересектер тобындағы балаларымды мақтан тұтамын. Себебі, еңбегімнің жемісін көрсетіп, облыстық және республикалық деңгейде өткен байқау жеңімпаздары. Атап айтар болсам,  Абай Нұрлыбек қалалық «Әлем балалар көзімен» атты ғылыми жоба сайысының ІІІ орын иегері,  Абзал Мақсат «Білім құмар балаларға» халықаралық үркер зияткерлік марафонының жүлдегері. Сонымен қатар топтық жұмыста республикалық «Қыс қызығы» байқауында І орынды иеленді. Балаларымның осындай жетістіктерінен кейін ҚР Тұңғыш Президенті елбасы қоры ұйымдастырған  ІІ республикалық «Жас маман» байқауында І орынды қанжығама байладым. Әрине мұның барлығы берілген білімнің зая кетпегендігін көрсетеді. Еліміздің болашағы білімді жастар қолында. Сондықтан балалармен бірге жұмыс істеуімді жалғастыра беремін.

 Индира Боранкулова Алпамыс балабақшасының хореограф жетекшісі

Қазалы ауданының тумасымын. Арман қуып, өңіріміздегі іргелі оқу орны Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагог — хореография» мамандығын аяқтап, 2001 жылы облыстық филормония жанынан құралған «Томирис» ансамблінде биші болды. Ал 2016 жылдан бастап «Алпамыс» балабақшасында балаларға өз өнерімен бөлісіп, үйретіп келемін.

Балаларды би әлеміне ертіп әкетіп, жан дүниесімен сезіндіру менің алғашқы қаруы екен. Шәкірттерімнен құралған «Тфәй-тфәй» би тобы халықаралық «Бибітшілік әлемі» бас жүлде, облыстық «өнерлі өркениет» би шашу байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталдық. Былдырлаған балаларға би үйреткеніме қуаныштымын.

Бибігүл Мүсірепханқызы

№8 бүлдіршін санаториялық балабақшасында музыка жетекешісі

— Еңбек өтіліме осы жылы 25 жыл уақыт болыпты. Зымыраған уақыт ішінде көптеген балалармен жұмыс істедім. Балаларды жанымнан артық жақсы көріп, олардың әрбір ісіне шаттанамын. Жеткен жетістіктері үшін марқайыпта қаламын. Ерекше қабілетімен, талантымен есімде қалған шәкірттерім бар. Мәселен, Думан Насредин даусы ерекше, балабақшада жүрген уақытында қалалық «Ботақан» байқауында ІІІ орынды иеленді. Осы жылы «Бақытты елдің ұрпағы» байқауында Раяна Жунитова ІІІ орынды иелендік.

 

Шаттық Түгелбайқызы

Сыр қамқоры балабақшасының әдіскері

Білім жолын М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде «мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі» мамандығымен жалғастырып, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдадым. Қазіргі таңда Сыр қамқоры балабақшасында әдіскер қызметіндемін.

— Менің ойымша балалармен баланың тілімен сөйлесіп, соның деңгейінде үйрете білуіміз қажет. Сонда ғана олар ойын анық және ашық жеткізе алады. Шәкірт тәрбиелеп, оған жақсы білім бере білу біздің міндет деп санаймын. Әр баланың өзіндік психологиясы бар, сондықтан әрқайсысының тілін таба білу қажет. Сонда ғана нәтижелі жұмысты көруге болады.

Ә.ҚУАНЫШ

«Білім айнасы» газеті

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*