Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы Толқынбеков Мақсат Мырзабекович.
Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің
бас маманы: Макулбекова Гульнара Абуовна
Туляремия инфекциялық ауру.
Туляремия – ол жедел инфекциялық ауруы болып табылады.
Аурудың көзі – жануарлар, кеміргіштердің әртүрлі тобы: сұр тышқан, үй тышқаны, егеуқұйрықтар, оңдатра, қояндар. Ал тасымалдаушылары әрі сақтаушылары — буынаяқты қансорғыштар мен иксодтық кенелер.
Инфекция көзі:
- әр түрлі жабайы омыртқалы жануарлар (кеміргіштер, қояндар, тышқандар)
- ауылшаруашлық жануарлар (қой, шошқа, ірі қара малдар, солтүстік бұғысы)
- үй жануарлары (иттер)
Таралу жолдары:
қарым-қатынас арқылы (зақымдалған тері жабыны, шырышты қабат арқылы), тағам арқылы, ауа-шаң, трансмиссивті (кене тістесе).
Мерзімділігі — жаз-күз айлары.
Клиникасы — Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін, кейде 10 күн болады. Интоксикациялық симптомдар: қалтырау, дене қызуының жоғарлауы, бас ауру, бұлшық еттердегі ауырсыну (аяқ, бел, арқа бұлшық еттері), ұйқысының бұзылуы, тәбетінің төмендеуі, құсу. Науқастың беті, көз конъюктиві қызарады.
Туляремияның алдын алу — сақтану үшін мынандай ережелерді сақтау қажет:
- Кененің киімнің ішіне кіру мүмкіндігін азайтатын киім кию;
- Киімге жабысқан кенелерді анықтау үшін өзін әрбір 10-15 минут сайын үнемі қарап отыру;
- Табиғат аясынан оралғаннан кейін киімді және денені толықтай қарап шығу;
- Кәсіпорындарында, тұрғын үй-жайларда, бау-бақша учаскелерінде кеміргіштермен күрес жүргізу (тұзақтарды, уланған жемдерді пайдалану);
- Кеміргіштердің тістеуінен сақтану, арнайы қолғаптарды кию;
- Кенеге, масаға қарсы арнайы құралдарды пайдалау қажет.
Қазіргі уақытта вакцинация туляремияның алдын-алудың негізгі тәсілі болып табылады.
Халықты туляремияға қарсы жоспарлы профилактикалық вакцинациялау:
- Жайылмалы-батпақты, тау бөктеріндегі бұлақ типтердегі табиғи ошақтар мен тұрақты резервация аймағының тұрғындарына;
- Туляремияның нақты табиғи ошағында тұратын адамдарға;
- Тәуекел тобына жататын адамдарға: аңшыларға, балықшыларға, бағбандарға, егіншілерге адамдарға жүргізіледі.