Home » статьи » Адам папилломасы вирусына қарсы екпенің маңыздылығы

Адам папилломасы вирусына қарсы екпенің маңыздылығы

АПВ (адам папилломасы вирусы) – теріні және шырышты қабықтарды (мысалы, жатыр мойнын немесе аногениталдық аймақты) зақымдайтын вирус. Кейбір жағдайларда инфекция папилломалардың пайда болуына (сүйелдің көбеюіне) әкеледі.

АПВ-ның 200-ден астам түрі бар. Әрқайсысының өзіндік нөмірі болады (ол анықталған ретпен беріледі). Жоғары онкогендік қауіп түрлері ретінде белгілі АПВ-ның кейбір түрлері жыныстық жолмен беріледі және жатыр мойны обыры мен басқа да қатерлі ісік түрлерін тудыруы мүмкін. Онкогендік қаупі төмен АПВ түрлері кәдімгі сүйелдердің, табан сүйелдерінің (табандағы сүйелдердің), жыныс сүйелдерінің пайда болуына немесе, сирек жағдайларда тыныс алу жолдарындағы папилломатоздың дамуына әкелуі мүмкін (бұл дауыстың бұзылуын тудырады және қайталанатын респираторлық папилломатоз немесе РРП деп аталады).

АПВ-ның кейбір түрлері дененің әртүрлі бөліктерін зақымдайды да, түрлі ауруларға, соның ішінде қатерлі ісікке, жыныс мүшелерінің сүйелдеріне немесе тыныс алу жүйесінің ауруларына әкелуі мүмкін.

Жыныстық жолмен берілетін, онкогендік қаупі жоғары АПВ түрлерін жұқтырудың, болмағанда, 10 жағдайының 1-нде инфекция қайталанып, қатерлі ісік алды өзгерістердің одан әрі даму мүмкіндігі бар. Егер қатерлі ісік алды өзгерістер анықталмаса және емделмесе, олар қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Әдетте, бұл процесс 15-20 жылға созылады.

 Жатыр мойны обырының барлық жағдайы, қынап, вульва және жыныс мүшесі қатерлі ісіктерінің көбі, сондай-ақ кейбір бас және мойын қатерлі ісіктері АПВ-дан туындайды. Жатыр мойны обырының 10 жағдайының жетеуі 16 немесе 18 типті АПВ-дан туындайды. АПВ-ның басқа түрлері жыныс мүшелерінің сүйелдерін тудырады, олар оңай таралады және емдеуге келе бермейді. Жыныс сүйелдерінің 10 жағдайының тоғызы 6 немесе 11 типті АПВ-дан туындайды. АПВ қайталанатын респираторлық папилломатоз (РРП) деп аталатын сирек ауруды да тудыруы мүмкін, ол жаңа туған нәрестелердің көмейінде (тыныс алу түтігінде) ісіктің пайда болуын білдіреді, бұл олардың тыныс алуын қиындатады. РРП 6 және 11 типті АПВ-дан туындайды.

Бүкіл әлемде АПВ-инфекциясы жыныстық жолмен берілетін, ең көп таралған инфекция болып саналады. 10 еркек пен әйелдің, шамамен 8-і өмірінің белгілі бір кезеңінде жыныстық жолмен берілетін АПВ-ның бір немесе бірнеше түрін жұқтырады.

Жатыр мойны обырының барлық дерлік жағдайы АПВ- инфекциясынан туындайды.

ДДҰ Еуропалық аймағында жыл сайын шамамен 30 000 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады. Қатерлі ісіктің түрлерінен айырмашылығы, жатыр мойны обыры (ЖМО) 20-45 жас аралығындағы жас әйелдерде даму ықтималдығы жоғары.

АПВ-ға қарсы вакциналар 2006 жылдан бастап қол жетімді.

АПВ-ға қарсы (АПВ-ның төрт түріне қарсы) бірінші төрт валентті вакцина 2006 жылы, бірінші екі валентті (екі түріне қарсы) вакцина 2007 жылы, ал тоғыз валентті (тоғыз түріне қарсы) вакцина 2014 жылы пайда болды.

АПВ-ға қарсы алғашқы вакцина пайда болған 2006 жылдан бері бүкіл әлемде 100 миллионнан астам адам екпе алды, бұл үшін 270 миллионнан астам вакцина дозасы қолданылды.Қазіргі уақытта қаламыздың мектептеріндегі медициналық кабинеттерінде 2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы жоспарлы вакцинациялау,сондай-ақ 12,13 жастағы қыздарға екпе жүргізу жвлғасуда.

АПВ-ға қарсы егу бағдарламаларының негізгі мақсаты — әйел адамдарды жатыр мойны обырынан қорғау, бұл ауру АПВ тудыратын ең жиі таралған ауру болып саналады.

 

Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы:  Толқынбеков Мақсат Мырзабекович.

Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының
эпидемиологиялық бақылау басшысы: Нағашыбекқызы Гауһар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*