Home » статьи » Балабақшада ұлттық нақыштағы педагогикалық кеңес өтті  

Балабақшада ұлттық нақыштағы педагогикалық кеңес өтті  

Алматы қаласы, Әуезов ауданы
КМҚК  № 138 бөбекжай-балабақшасы
меңгеруші
Исаева Балзия Тұрсынбекқызы

Қазақстанның болашақ ұрпағын тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды сақтап, оларды жас ұрпаққа жеткізу маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта КМҚК  № 138 бөбекжай -балабақшасында   «Ұлттық құндылықтар – тәрбие мен білімнің бастауы» тақырыбында ерекше форматтағы педагогикалық кеңес өтті. Кеңес барысында тәрбиешілер екі топқа бөлініп, ұлттық нақышта шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Іс-шараның мақсаты:
Кеңестің негізгі мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісінде ұлттық құндылықтарды тиімді қолдану жолдарын анықтау, тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау және тәжірибе алмасу болды.

Кеңестің өту барысы

1-кезең: Топтық таныстыру
Тәрбиешілер екі топқа бөлініп, өздерінің ұжымдарын қазақтың әдемі ән ырғағымен таныстырды.

  • «Таным» тобы Қазақ тілінде ән шырқап, оны өз тобының атымен ұштастыра білді.
  • «Өрнек» тобы қазақтың қолөнеріне назар аударды. Олар ою-өрнекпен безендірілген бас киімдеріндегі әрбір оюдың мағынасын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, авторлық ән жазып, қазақтың әдемі әуенімен топтарын таныстырып өтті.

2-кезең: Шығармашылық шеберхана
Әр топ өздері дайындаған ұлттық ойындар мен қолөнер көрнекіліктерін өткізді.

  • «Таным » тобы балаларға арналған  балаларға арналған ұлттық үлгідегі ойын тұрлерін ұсынды.
  • «Өрнек» тобы балаларға арнап киізден кішкентай бұйымдар жасау шеберханасын өткізді.

3-кезең: Тәжірибе алмасу
Кеңестің соңында тәрбиешілер өз топтарының жұмыс нәтижелерін талқылап, ұлттық құндылықтарды балабақша бағдарламасына енгізудің тиімді әдістері бойынша ұсыныстар жасады.

Іс-шараның қорытындысы
Педагогикалық кеңестің нәтижесінде келесі шешімдер қабылданды:

  • Балабақшада ұлттық құндылықтарға арналған тақырыптық апта өткізу.
  • Ұлттық нақышта балаларға арналған интерактивті оқу құралдарын әзірлеу.
  • Ата-аналармен бірлесіп ұлттық дәстүрлерді насихаттайтын мәдени іс-шаралар ұйымдастыру.
  • Балаларға ұлттық ойындарды күнделікті оқу-тәрбие процесінде қолдануды жалғастыру.

Осы кеңес барысында тәрбиешілер ұлттық құндылықтарды насихаттаудың жаңа әдістерін меңгеріп, балалардың бойында рухани-мәдени құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*