Home » Новости » Дәстүрімнің балқаймағы — әжелер

Дәстүрімнің балқаймағы — әжелер

Бар жылы-жұмсағын тауысып, ыстық-суығын ажыратып, бойындағы бар жылуын өз жанының бөлшегіне бөліп беруге даяр ата мен әже – кемел келешекке ақыл үлестіруші кемеңгерлеріміздің қатысумен Алматы қаласы, Әуезов ауданы қарасты №129 бөбекжай-балабақшасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Әжелер мектебі» жобасы аясында
«Дәстүрімнің балқаймағы — әжелер»
сайысы өтті.
Әженің ақ жаулығына барлық иба, инабат пен мейірім түгел сіңіп, немересіне елжіреген сәт тамырын бойлап, балаға берілетін сыңайлы.
Әже тербеткен бесік пен әже айтқан әлди-әнде де кие бар.

Халқымыз ақ ниетпен бата беріп, жақындары үшін тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Сол дәстүрлер қазіргі күнге дейін сақталып, жаңғыруда бүгінгі сайысымыз да Мырзаханов Бауыржан атамыздың ақ батасымен басталды.

Сайысқа қатысушы әжелеріміздің бәрі өнерден құр алақан емес. Гүлдархан әжеміз — Кеген ауданы, Алғабас ауылында “Ақ әжелер” ансамбльінің жетекшісі және сатушы болған, Күлбарам әжейдің балалардың барлығы спортшы екен. Ұлдары тарихты бокс қолғабымен жазған боксшылар болса, әжеміздің өзі жүгірумен айналысқан. Аққайша әжеміздің бес аспап аспазшы болса, Айгүл әжеміз ертеден өміршеңдігін жоймаған тігінші екен.
Сайыс барысында әжелер мен немерелер 4 кезең бойынша сынға түсті. Әжелеріміз ән де айтып, салт-дәстүрімізді де таныстырып, қолөнерін көрсетіп, сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, өнерлерін ортаға салды.
Әжелеріміздің балабақша ұжымына дән риза екені көрініп тұр. Ақ көңілдерімен алғыстарын жаудырды.


Иә. Дәл осындай жоғары деңгейдегі шараны ұйымдастырған балабақша меңгерушісі Г.Т Беспаева мен топ тәрбиешісі Мухаметжанова К.А, музыка жетекшісі Тастанбекова М.Е, психолог Сахарханова Р.С мен барша ұжымға “бәрекелді” дейміз.
Еңбектеріңіз еленіп, ата-аналардың алғысы мен ата-әжелердің ақ батасын ала беріңіздер.

Іс-шараға қатысқан Гүлдархан Нұрғазықызы, Аққайша Сапарбайқызы, Айгүл Қарағайқызы, Күлбарам Мағауқызы атты әжелерімізге ұзақ ғұмыр тілейміз.
Ата мен әже – отбасының алтын қазығы. Шаңырақтың тірегі. Ата мен әже барда әлем де жып-жылы.
Ата-әженің айналып-толғанып, маңдайдан емірене сүйіп, бауырына қысып еркелеткеніне жетер ештеңе жоқ. Балаларды мейірімнен айырмайық. Өйткені әлемді мейірім ұстап тұр!

BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Аманқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*