Мұқағали Музаға…
Алматы қаласы, Жетісу ауданы,
№108 мектеп-гимназиясында
Республикалық жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасындағы Мұқағали Мақатаев оқуларының аудандық кезеңі өтті.
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды.
Байқаудың ашылу салтанатында қонақтар Мұқағали атамыздың өз дауысын тыңдап, өмірбаянымен танысып, әңдерін тыңдап, рухани демалды. Кеш қонақтарының қатарында тектінің тұяғы, асылдың сынығы Жұлдыз Мұқағалиұлы мен Мұқағали келіні Бақытгүл де болды.
Пoэзия әлeмiнiң пaтшacы, мұзбaлaқ aқын — Мұқaғaли турaлы жaзу oңaй шaруa eмec. Өйткeнi, aқын турaлы бәрi жaзылып қoйғaн cияқты. Aқиық aқынды бaршa қaзaқ тaниды. Aқын өлeңдeрiн eкiнiң бiрi жaтқa aйтaтыны тaғы бiр aқиқaт. Cырғa тoлы cырбaз өлeңдeрi дe, ән бoлып көккe caмғaғaн шaлқымa өлeңдeрi дe ,қaзaқ әдeбиeтi cынды aлып мұхиттың, жыр жaуһaрлы пoэзия aрaлын өлeң өрнeгiмeн өрiп, cөз мaржaнымeн көмкeрiп тұрғaн acыл қaзынa.
Бұл кештің №108 мектеп-гимназияда өтуі де бекер емес. Неге дейсіз ғой?! Себебі мектеп директоры Әлдіғазы Руфинат Бекдайырқызы Республикалық Мұқағали оқулары байқауының алғашқы жеңімпаздарының бірі болса, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жәмәли Айбын Әбдімұхаметұлы осы байқаудың 2017 жылғы жеңімпазы екен. Иә, осындай ұстаздардан тәлім алған шәкірттердің осал болуға хақысы жоқ.
Байқау үш номинация бойынша өтті.
1.”Айтып өткен ақында арман бар ма?” номинациясында үміткер М.Мақатаев шығармашылығынан жатқа білетін өлеңдерінің тізбегін әкеліп алдын ала әділ қазыларға ұсынады. Әділ қазылар тізбенің кез келген жерінен 2-3 өлең ұсыну мүмкін.
2.”Жыр” эстафетасы номинациясында үміткер “Райымбек, Райымбек”, “Алтай-Атырау”, “Аққулар ұйықтағанда” поэмаларын толық жатқа білуі керек.
3.”Көкірегімде жыр сәулесі маздайды” номинациясында оқушы өз шығармашылығынан үш/бес шумақтан аспайтын бір өлеңін әділ қазылар нұсқауымен және ақынға арнаған туындысын жатқа оқуы шарт.
Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау кезінде өлең жырларындағы сөз қолданысына, ой жүйріктігі мен көркемдік ерекшеліктеріне, шығармаларын жатқа сондай -ақ мәнерлеп оқуына, дауыс мәнері мен тіл тазалығына аса мән берді.
Бас жүлдені иемденген төмендегі үш оқушы Мақатаев оқуларының қалалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
1.Кұдайберген Батырхан — №108 МГ, 9- сынып оқушысы
2.Рахметова Гөзде — №148 МГ, 10-сынып оқушысы
3.Бектенов Хангелді- №108 МГ, 10-сынып оқушысы
Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтап, республикалық кезеңге қатысушы оқушыларға сәттілік тілейміз!
Тектінің тұяғы, асылдың сынығы
Жұлдыз аға мен келіні Бақытгүл апайымыздың иығына қазақы нақышта ою-өрнектермен көмкерілген шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
Халқымызда: «Тау алыстаған сайын биіктей береді» деген қанатты қағида бар. Небәрі 45 жасында өмірден озған ақиық ақынның арамыздан кеткеніне 45 жыл болса да, қалың бұқараның оған деген құрметі, оның өлең-жырларына деген ілтипаты, бағасы мысқалдай да кеміген емес. Қайта оның шығармаларына деген сұраныс жыл санап артып келеді. Өлең-дастандары, аудармалары жаңа қырынан танылып, түрлі зерттеу нысанына айналды. Аға буын өкілдері тұрмақ, кейінгі буын жастар арасында оның шығармаларын жата жастана, жатқа оқитын, өлең жолдарын үлгі-өнеге ретінде тұтынатын адамдар легі толастар емес. Тегінде, «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын соңында сөз қалдырған» деген сөз осындайда айтылса керек.
Мектептің абыройын асырып,
бала тәрбиесіне, білім беру ісіне жауапкершілікпен қарап, үнемі еңбектеніп жүрген, жаңашыл көшбасшы,
Әлдіғазы Руфинат Бекдайырқызы мен ұжымына мығым денсаулық, қажымас
күш – қайрат, әр бастамаларына шығармашылық табыспен дүниенің дүрмек қызығын тілейміз!
BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Аманқызы