Home » статьи » Әжелер даналығы

Әжелер даналығы


Алматы қаласы білім басқармасы
«№9 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК
тәрбиешісі: Ергалиева Г.С.

Алматы қаласы білім басқармасына қарасты «№9 бөбекжай – балабақша» меңгерушісі Койшыбаева Анар Альбатыровнаның 2024 жылы шетелдік Малайзия, Қытай елдерінде тағылымдамадан өтіп, нәтижесінде «Қазақша сөйлесейік» жобасы қолға алынды, жоба жұмысының мақсатын «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасының мақсатымен ұштастырып, әжелермен «Әже даналығы», аналармен «Ана – алғашқы ұстаз», әкелермен «Әке көрген – оқ жонар» атты ата –аналармен бірлескен жұмыс түрлері бекітілді. Мақсаты: Балабақшада ұрпақ тәрбиесі және құндылықтар жүйесі тақырыбында іс-шара ұйымдастыру — балалардың ұлттық құндылықтарды бойына сіңірту. Ата-анамен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Отбасындағы бала тәрбиесінде ананың, әкенің, әженің рөлін айқындау. Бала тәрбиелеу сапасының жоғарлауына ықпал ету.

Жоба жұмысының жоспарына сәйкес 22 мамырда балабақшамызда қалалық «Ғажайып өлеңдер кеші» атты іс — шара аталып өтті. Поэзиялық кеште ата – аналар өз үлесін қосып, белсенділік танытты. Көркем өлеңдер оқылып, әсем әндер шырқалды, балабақша бүлдіршіндері мың бұралған билерін келген қонақтарға паш етті. Концерттік бағдарламадан бөлек «Ұсақ моторика әлемі» ойындарынан көрме, «Қазақтың жеті қазынасы» ата – аналардың балаларынмен бірлесіп орындағын қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын  нығайту мақсатында «Әжелер даналығы», «Ана – алғашқы ұстаз», «Әке көрген оқ жонар» тақырыбында  балалардың ойын алыңында безендірілген киіз үй ішінде өткізілді. «Балам балдан тәтті, немере одан да тәтті» деп халық даналығы айтқандай, ата мен әже үшін немеренің орны бөлек. Біздің қазақ ұлтында ерекше рөлге ие жан – әже.

         
Әжесі қыз балаға кесте тігуді, тоқуды, және басқа да қолөнерді (жүн иіру, жүн түту, жүнді сабау, жіпті түрлі түстерге бояу, алаша, кілем тоқу) үйретеді. Қыз бала әжесінің жанында жүріп, өмірлік тәжірибе жинақтайды. Әжелер жүн иіріп отырып, жанында отырған немересіне өздерінің өмірлік тәжірибелері, ертегі мен аңыздар, жаман және жақсы әдеттер туралы айтып, сол арқылы ұлттық салт- дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға деген сүйіспеншілігін оятып, мейірімділікке баулиды.

Аралбекова  Айтбала іс-шара барысында  немерелеріне  ою — өрнектен ұлттық нақышта алаша жасаудың қыр-сырларын үйретіп, ою-өрнектің шығу тарихын түсіндіре отыра, алаша бұйымының жасалу жолын көрсетті.

Дамелидің әжесі Жангишупова Алия Жумагазиевна кілем тоқуда — тік немесе көлденең құрылған өрмегінің көмегімен кілемнің  бетіне түрлі түсті жіптерден өрнек салып, тықыр кілем тоқу жолын көрсетті.

Умурзакова Ару Оразбаевна немересімен құлақ құрышын қандыра ән салып, ұршықты шыр айналдырып, жіпті  иіру жолын көрсетті.

Ұлттық  құндылықты дамытуға, қазақтың салт-дәстүр, әдет- ғұрыптарын бала бойына сіңіруге үлес қосқан әжелерімізге МЫҢ АЛҒЫС!!! 100 жасаңыздар! Қарттарымыз – қазынамыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*