Алматы қаласы білім басқармасы
«№9 бөбекжай – балабақшасы»
логопеді: Наурызбаева Жулдыз Молдабаевна
Тіл дамыту ұсақ қол моторикасы арқылы дамиды. Сөйлеу бұзылысы балалармен жұмыс жасамас бұрын біз осындай ұсақ моторикамен жұмыс жасаймыз. Саусақтың әр қимылы мидың жұмысын жақсартады. Шығармашылық қабілетін арттырады. Бала түстерді сезінеді. Эмоциясын еркін жеткізуге әсер етеді. «Қазақша сөйлесейік» жобасы аясында заманауи тұрғыда саусақ ойындарының негізгі түрлерін ұсындым.
- «Кинусайга» әдісі – қиял мен ұсақ моториканы жақсы дамытатын, сонымен қатар шығармашылық жақсы дамиды. Жапондық қолөнер, оның мәні мата қалдықтарынан бейнелер құрастыру.
- « Құм» терапияы – баланың ойлауын, қиялын, кеңістікте бағдарлауын, қабылдауын ұсақ қол моторикасын дамытады.
- «Таспен» жұмыс – көңілді түстері, балаға оң эмоция сыйлайды, кеңістікте бағдарлау, саусақ моторикасын дамытады.
- «Баумен» жұмыс- зейіні, ойлау қабілетінің даумуына әсер етеді.
- «Танграм» әдісі — баланың сенсорлық қабілетін дамытады. Жапондық 7 бөлшектен тұратын ойын. Шаршы бөлшектерді қиыстыра отырып, көптеген жаңа пішінді алуға болады.
- «Сұрыптау» – балада түсінік қалыптастыру, саусақ моторикасы дамыта отырып, ашық түстер арқылы балаға жағымды эмоция сыйлайды.
- «Бизиборд» әдісі — әртүрлі заттар мен ұсақ бөлшектер бекітілген ағаш тақталар. Бұл ойыншықтар балаға өз бетімен зерттеу үшін қызықты және қауіпсіз нысандарды ұсынуды мақсат етеді. Мамандар бизибордтар ұсақ моториканы, танымдық функцияларды және есте сақтау қабілетін дамытуға көмектесетінін айтады.
- «Резеңкемен» жұмыс – резеңкелерді созу арқылы балада кеіәстәіктә бағдарлау, саусақ мотрикасы, логикалық ойлауы дамиды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен.Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде логопедтің мақсаты:
– балалардың сөйлеу тілдерін дамыту;
– жаңа сөздерді есте сақтап, дұрыс айтуға меңгерту;
– дыбыстармен ойын арқылы жұмыстар жүргізу;
– үйренген сөздерді анық, әрі сөзде, сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету.
Осы аталған міндеттерді логопед үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы маңызды. Балалардың сөйлеу тілдерін дамытуда ойын, тапсырма, саусақ, тыныс алу жаттығуларының орны ерекше болып саналады. Ойын – баланың шынайы өмірі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаға қызығушылық танытып, сюжетті ойын арқылы қайталайды. Сонымен қатар баланың бір ерекше қасиеті: ойын кезінде сөйлеу әрекетіне түседі. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің қалыптасуына және сөздік қорларының дамуына көп көмектеседі. Әрбір бала ойын арқылы өсіп-жетіледі, өйткені бала табиғатынан тек ойынмен ғана байланысты. Ойын кезінде бала басқа жаққа тәуелсіз. Ол өзін емін-еркін ұстайды. Еркіндік – ол баланың бастапқы дамуына кедергі келтірмейді, барлығын білуге деген талпынысы мен құлшынысы артады. Баланың білімі, сөйлеуі ойын кезінде қалыптасады.