Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы «Жастар Рухы» ЖК, «Алаш Жастар Одағы» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен «IQ-ALA JASTARY» жобаны іске асыру қорытындылары бойынша «Қоғамдық тыңдалым» ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жобаны іске асыру барысында қол жеткізілген нәтижелерді талқылау, жастардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған ұсыныстар әзірлеу, сондайақ Алматы қаласындағы жастарды қолдауға бағытталған жаңа бастамаларды анықтау болды.
Қоғамдық тыңдалымға «Жастар Рухы» Алматы қалалық филиалының төрағасы Әкежан Кеңесов, Алматы қаласы жастар ұйымдары, белсенді студенттер және «IQ ALA JASTARY » жобасының қатысушылар қатысты. Тыңдалым барысында жоба нәтижелері таныстырылып, қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салды.
Алматы қаласы
Сейтқали Айгерім