Алматы қаласындағы «№ 60 бөбекжай- балабқшасында» жол қауіпсіздігі ережелері тақырыбында арнайы мамандармен кездесу өтті. Балабақша ұжымы жол жүру қауіпсіздігі бойынша арнайы мамандарды шақырып, бүлдіршіндерге жас ерекшеліктеріне сәйкес түсіндірме жүмыстарын жүргізді. Бағдаршамның қай түсіне жүру керек?, қашан тоқтау керек? деген сұрақтарға балалар мүдірмей жауап берді, сонда да мамандардың түсіндірері көп болды.
-Жыл сайын қала көшелерінде көліктер көбейіп келеді, ол өмірімізді жеңілдеткенімен, зиян тұстары да аз емес. Сол себептен кез келген бала жол ережелерін балабақшадан бастап білулері тиіс. Қашан да жан-жағын барлап, бақылап жолдан абайлап өту керек. Қазір жол қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында жаңа асфальттар, көше жарықтары, арнайы бейнебақылау камералары қарқынды жұмыс істеп тұр. Мұның бәрінен бүлдіршіндер хабардар екендіктерін өздерінің арнайы дайындаған жаттығу сабақтарында көрсетті.
Баламалы көлік түрін үлгілік оқу бағдармаларына сәйкес жол қозғалысы ережелері түсіндіріліп, жанжақты қамтылды. Сонымен қатар, жел сілкіну, өрт қауіпсіздігі туралы да сөз болды Алматы қаласы Әуезов ауданының ТЖ басқарамасының лейтинанты, инженер Төлеген Мейір Сабырұлы балаларға мысал келтіре отырып түсіндірді. «Апат айтып келмейді» демекші қашанда адам не істеу керектігін алдын ала хабардар болғаны жөн. Сондықтан осындай оқу жаттығу жұмыстары балабақша қабырғасында жиі өткізіліп келеді. Сақтансаң сақтайды демекші әрқашан бала болсын, ересек жан болсын сақтанып қорғанып жүрген жөн. Оқу жаттығу жұмыстары барысында бүлдіршіндер көптеген ережелерді есте сақтап, көптеген іс-әрекеттер көрсете алды.
Кездесу соңы бүлдіршіндердің мамандарға сұрақ қойып, жауап алуларымен жалғасты.
Алматы қаласы.
КМҚК «№60 бөбекжай — балабақшасы»
меңгеруші: Кулумбаева Гульбану Омарқызы