Алматы қаласы Әуезов ауданы
КМҚК»№64бөбекжай-балабақша»
Тәрбиеші: Узакова Айжан Жапайқызы
ҰІӘ: Қарапайым математика негіздері, құрастыру
Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу»
Мақсаты: балалардың ұлттық құндылықтармен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттердің қарапайым дағдыларын меңгерту. Логикалық ойлауды дамыту. Балаларға ұлттық құндылық туралы түсінік беру. Ойын арқылы балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Сөздік жұмыс: Ұлттық құндылық
Ал, балалар бүгінгі күнімізді бір-бірімізбен жылы амандасып көңілді бастайық. Келіңдер, шеңбер құрып тұрайық.
Шаттық шеңбері: Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық.
Таза ауада салайық
Жүрек жылуын салайық,
Жинаған жүрек жылуын
Қонақтарға сыйлаймыз
Тәрбиеші: Балалар, бізді бүгін өте қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Бүгін таңертең мен жұмысқа келе жатып мына әдемі сандық тауып алдым. Бұл сандықтың ішінде не бар екенін білу үшін мына құлыптарды ашуымыз керек. Ол үшін мына берілген тапсырмаларды орындауымыз керек. Сол кезде құлып ашылады. Қане, тапсырмаларды орындаймыз ба?
Балалар: -Иә
Тәрбиеші: -Балалар, мынау құлыптың түсі қандай?
Балалар:-Жасыл
Жасыл құлыптың тапсырмасы: «Асығың алшысынан түссін»
Ойын шарты: Әуенмен шеңбер болып жүреміз, әуен тоқтаған кезде қай асықтың тұсына келсеңдер, сол асықтың астына жасырылған тапсырманы орындауларың керек болады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бірінші тапсырманы орындадыңдар. Жасыл құлпымыз ашылды.
Енді келесі қызыл құлыптың тапсырмасын орындайық: «Ұлттық құндылықтарды ата»
Ойын шарты: Бұл жолы да әуенмен шеңбер болып жүреміз, әуен тоқтаған кезде қай тапсырманың тұсына келсеңдер, сол тапсырманы орындауларың керек болады.
Тәрбиеші: -балалар, жарайсыңдар, тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Келесі құлыптың тапсырмасын орындап көрейік. Бұл құлыптың түсі қандай?!
Балалар: Сары түс.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұл құлыпты ашпас бұрын бой сергітіп алайық!
Сергіту сәті: «Ою»
Сары құлыптың тапсырмасы: «Кеңістікті бағдарлау»
Ойын шарты: Үстелде тұрған суреттерді тәрбиешінің нұсқауымен кеңістікте орналастыру.
Тәрбиеші: — жарайсыңдар, балалар! Сары құлпымызды ашайық! Келесі соңғы құлыптың түсі қандай?
Балалар:-Көк
Көк құлыптың тапсырмасы: «Асықтарды сәйкестендір»
Ойын шарты: Суреттегі асықтарды санап, сандармен сәйкестендіреміз.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар! Біз сандықтағы барлық құлыптарды аштық. Енді сандығымыздың ішінде не бар екенін көрейік!
Сандықты ашып көреді.
Тәрбиеші: Ой, балалар, сандықтың ішінде әдемі құрастырғыштар бар екен. Қане, ойнаймыз ба?
Балалар:-Иә
Ойын шарты: әр үстелдегі балаларға бөлшекке бөлінген сурет таратылады. Балалар оларды құрастырулары керек.
Суреттер: бесік суреті, домбыра суреті, ою суреті, киіз үй суреті.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар! Ал сендер осы заттар жайлы тақпақтар білесіңдер ме? Қане, кім айтады?
Тақпақтар
Тәрбиеші: Бәрекелді!
Бұл заттардың бәрі ұлттық құндылықтарға жатады. Әр адам өз халқының салт- дәстүрін, құндылықтарын құрметтеп, дәріптеп сақтауы керек. Сендер де осы үрдісті жалғастыруларың керек.
Қорытынды: -Балалар сендерге қай құлыптың тапсырмасы қызықты болды?
-Қандай сурет құрастырдыңдар?
-Бүгініг ұйымдастырылған іс- әрекетімізден қандай әсер алдыңдар?
Тәрбиеші: Бүгінгі іс -әрекетімізге барлығың жақсы, белсенді қатысқандарың үшін мынандай әдемі асықтарды сыйға тартқым келіп тұр.