Хусайнова Динара Елтайқызы
Атырау қаласы Исатай ауданы «Өркен»
бөбекжай-бақшасы
педагог-модератор тәрбиешісі
Балабақшадағы зерттеу жұмыстары
Атырау қаласы Исатай ауданы Аққыстау ауылы «Өркен» бөбекжай- бақшасындағы «Көбелек» мектепалды даярлық тобында ұйымдастырылған іс-әрекет барысында зерттеу жұмыстары өткізіледі.
Зерттеу барысында бала өз қажеттіліктерін қанағаттандырады,үнемі ойлауды,есте сақтауды, зейінді дамытады. Біздің біліміміздің қайнар көзі болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде ойын – зерттеу іс-әрекетін қалыптастырудың мектепке дейінгі ұйымдарда толық жетілдіру мақсатымен жалпы ережелер түрлері анықталады. Тәрбиеші ережелерді толық зерттеу жұмысында пайдаланса барлық тапсырмаларды табысты шеше алады. Ең бастысы, бұл жұмысты орындауға шығармашылық ізденіс,қызығушылық болған жақсы.
Қазіргі уақытта зерттеу жұмысы арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың рөлі ерекше,сол арқылы бала да өзін тұлға ретінде қалыптастырады.Себебі әр баланың өзіндік танымдық қабілеті бар. Бала жасанды зерттеуде қоршаған ортаны жақсы тани алады. Зерттеу жұмысы мектепке дейінгі шақта басталуы маңызды деп ойлаймын.Сол уақытта бала айналаны тануға құштар болып келеді және өзінен үлкендерге «Бұл не?», «Ол қалай?» , «Неге бұлай?» дегендей сұрақтар қояды. Баланың балабақшадағы зерттеу тәжірибесі- ол айналамен танысудың тағы бір жолы. Ол ұйымдастырылған іс-әрекеттің жай ғана бір түрі деп қарастырмай, тәрбиелеу мен білім берудің барынша жақын негізгі жолы деп қарастыруымыз керек. Сондықтан да баланы мектепке дейінгі жастан үнемі қызығушылық танытуға үйрету барысында «Қазақ құртын қалай, неден алатынын,қалай жасау керек екенін»зерттеу жұмысы барысында көрсетіп,бірге жасап, зерттеу әрекеті барысында балалар құрттың жасалу жолын,пайдасын танып, білді деп айта аламын.Бала бір нәрсені естіп, көріп, өзі істегенде білімі берік және ұзақ уақыт бойы игеріледі. Жоғарыда айтылған ұжымдық жұмыстар балалардың тәжірибе алуына мүмкіндік жасады. Бұл іс-әрекеттерде баланың зерттеу белсенділігіне шек қоюға болмайды.Табиғаты бойынша балалар зерттеуші, олар қоршаған әлемді қуанышпен және таңданыспен ашады. Олар бәріне қызығушылық танытады.Зерттеу әрекеті неғұрлым жан-жақты ,қызықты болса, бала соғұрлым жаңа ақпарат алады, тезірек әрі толық дамиды.