Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №60 гимназияда класс жетекшілерге арналған фестиваль өтті. Фестивальда 7 класс жетекші өз тәжірибесімен бөлісті. Фестивальдың шымылдығын гимназия директоры Абуова Шынар Богенбаевна ашты.
Іс-шара барысында «Применение идей гуманной педагогики в воспитании младших школьников» тақырыбында
Ушакова Ольга Юрьевна, Интерактивные методы воспитания» тақырыбында Шуклинова Светлана Юрьевна, «Как превратить стандартный классный час в креативное событие» тақырыбында Берлинова Акбота Тулегеновна, «Индивидуальный подход к каждому ученику: как найти ключ к сердцу каждого» тақырыбында Мухамбетова Алия Самигулаевна, «Воспитание в цифровую эпоху :новые вызовы и возможности» тақырыбында Тауешева Сауле Бахитжановна, «Волонтерство как важный воспитательный элемент в школе» тақырыбында Усманова Наиля Темургалиевна, «Работа с родителями: как выстроить продуктивное
сотрудничество тақырыбында Касымова Асель Сериковна озық ойларын ортаға салды.
Қонақтардың даусы беруі арқылы кіл мықтының ішінен ең мықтысы анықталды. Нәтижесінде 7 педагогқа да мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды. Бұл марапат пен сыйлықтар ұстаздарымызды қанаттандырып, жаңа серпін берері анық.
Сонымен қатар, қонақтар күмбірлеген күй мен қобыздың қоңыр үнін тыңдады. Шығармашыл гимназия оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Семинарға келген қонақтар жақсы көңіл-күйде тарқасып, гимназия ұжымына өз алғыстарын айтты. Еңбектеріңіз жана берсін,
60 гимназия ұжымы!
BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Амангелдіқызы