Алматы қаласының Әуезов ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы:
Исембаева Асима Бақытжановна
Санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау
басшысы: Садықова Урзада Илесбаевна
Адам денсаулығына қауіп төндіретін кең таралған мәселелердің бірі-тамақтану рационында дәрумендер мен минералдардың, соның ішінде темір мен фолий қышқылының болмауы. Микроэлементтер тапшылығы зардаптарының неғұрлым кең таралған түрлерінің бірі анемия болып табылады, анемиямен байланысты проблемалар адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін ауыр асқынуларға әкеледі. Тағам өнімдеріндегі фолий қышқылы мен дәрумендердің жетіспеушілігі жүрек-қан тамырлары ауруларының, ана мен бала өлімінің себебі болып табылады. 2011 жылы Қазақ тағамтану академиясының Ұлттық зерттеуі анемияның ұрпақты болу жасындағы әйелдер (39%) мен 5 жасқа дейінгі балалар (35%) арасында кең таралғанын анықтады.
Ересектердегі темір тапшылығы анемиясыжұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне, қатерлі ісіктердің, әсіресе асқазан, простата, өңеш, тік ішек, кеуде қуысы, туберкулез сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың ұзаққа созылуын және ауыр ағымының даму қаупіне әкеледі. Темір тапшылығы анемиясы бар адамдарда сыртқы ортаның жағымсыз факторларының әсеріне төзімділігі төмендейді. Көптеген елдерде витамин, минералдар жетіспеушілік мәселесін шешу фортификация, яғни-жаппай және тұрақты тұтынатын тамақ өнімдерін жетіспейтін компоненттермен байыту болды.
Темірмен және басқа микроэлементтермен байыту үшін өнімді таңдағанда, халықтың әдеттегі тамақтануы туралы ақпарат алу, жиі тұтынылатын тамақ өнімдерін анықтау маңызды. Бұл өнімдер тізімінде ұн ерекше орын алады. Жыл сайын әлем халқы 400 млн. тоннадан астам ұнды тұтынады және осы ұнның негізгі бөлігін ірі ұн тарту зауыттары өндіреді. Ұнды фортификациялау және одан нан пісіру салыстырмалы түрде төмен қосымша шығындармен халықтың денсаулығын едәуір нығайтуға мүмкіндік береді. Ұн – көптеген дәрумендер мен минералдармен байытудың технологиялық тұрғыдан оңтайлы өнімі. Ол фортификация үшін және мақсаты бойынша оңтайлы, өйткені ұнды бүкіл халық тұтынады. Ұнды фортификациялау қажеттілігі ұсақ тартылған ұнды, сондай-ақ басқа да тазартылған тамақ өнімдерін өндіру мен тұтынудың өсуімен пайда болды.
Фортификация ұнға аз мөлшерде витаминдер мен минералдарды (премикс деп аталатын витаминді-минералды кешен) ұнтақтау кезінде енгізу процесі болып табылады, бұл өнімнің сапасы мен тағамдық құндылығын арттырады. Фортификация ұнның органолептикалық және басқа да қасиеттеріне мүлдем әсер етпейді және жанама әсерлер тудырмайды. Байытуға тек жоғары және бірінші сұрыпты ұн жатады, оны дайындау кезінде астық микронутриенттердің (дәрумендердің) ең көп мөлшері бар қабықтан тазартылады. Байытылған ұнның сақтау мерзімі-алты ай.