Алматы қаласының қазыргі уақытта қалада жедел респираторлық инфекциялар бойынша (әріде ЖРВИ) эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенын хабарлайды. Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 23086 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші — 1007,01-і құрайды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36,8% (35582 жағдай) төмен және бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 28,8% пайызға (16429 жағдай) жоғары. Бұл аурудың 66,7% балаларды қамтиды.
Ағымдағы жылдың эпидемиологиялық маусымның 15 қараша айының бастап зертханалық расталған тұмаудың 3 жағдайы тіркелді типі А/H1N1-2 және В типі-1, науқастарға ем тағайындалған, жағдайлары қанағаттанарлық.
Сонымен қатар, қала халқы ЖРВИ, тұмаудың эпидемиологиялық маусымында аурудың өсуі кезеңінде алдын алудың келесі жалпы шараларын естен шығармау керек:
— дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин сықпасын қолдану;
— жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдету, ЖРВИ-мен науқастанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде кию;
— ауырған жағдайда, өз бетімен ем-дом қолданбай, үйден шықпастан, медицина қызметкерін шақыруы қажет, түшкіргенде және жөтелгенде ауызды қолмен, майлықпен жауып, қолды жиі жуу қажет;
— ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-жалпылама іс-шаралары жүргізілетін орындарға жібермеу;
Осы аталған қарапайым нұсқауларды сақтау, сіздерді ЖРВИ мен тұмау ауруынан қорғайды.
Спикер: Қасымхан Алпысбайұлы