«Көктемнің жаршысы» саналар жауқазын гүлі әсемдігін көзбен тамашалайтын нәзіктік пен сұлулықтың белгісі…
Астана қаласы әкімдігінің №92 «Жауқазын» балабақшасы да өзге білім ордаларынан мен үшін орны бөлек айналасы әсемдікке, жылы ұясы тазалықпен ұлттық құндылықтың өрнектеріне тұнып тұрған мекен.
Ананың сүті, ананың тілі, әлдиімен берілетін ұлттық тәрбиені жалғыстырып баланың тілге, ілім-білімге, бейімділігімен, қызығушылығын дамытуға ойлау қабілеті мен таным ерекшелігін қалыптастыруға жұмыс жасап келе жатқан педагогикалық ұжым ата анамен бірлесіп бір ағыста жүзіп келе жатыр…
Бұл білім ордасының бұлақ көзін ашып мектепке апарар арнаны толтыра алғаны емес пе?…
Қыстың соңы ақпанның 28 күні аталмыш білім ордасында өткен қалалық семинарға куә болдық .
Бүгінгі күнде жас ұрпақты әдепті де саналы етіп тәрбиелеуде ең алдымен тәрбие ережесін сақтақтаудан бастаған дұрыс. Есіктен кірген қонағын білім ордасының тәрбиеленушілері жылы амандасумен қарсы алды. Ана тілінде ойын еркін жеткізе алған баладан қалай айналмасқа…
«Мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшадағы көгалдандыруда жүргізетін ландшафттық зерттеудің маңыздылығы» тақырыбында өткен семинар мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтерімен ландшафттық зерттеулер аясында эксперименттік алаң жұмысы бойынша тәжірибе алмасуды мақсат етсе серіктес балабақшалар белсенділігімен семинардың өз деңгейінде өтуіне үлестерін қосты. Қонақ болып қатысып тәжірибе алған меңгерушілер де болды.
Семинарды мектепалды «Лалагүл» тобының тәрбиеленушілерінен құралған оркестрдің «Біз өнерлі бөбекпіз» атты әнімен ашты. Қазақтың ұлттық аспаптарын әнге қосқан бүлдіршіндер өнеріне шын сүйсіндік. Әннің сөзін дұрыс жеткізе білген тіл тазалығы таңдай қақтырар шәкірттері үшін педагог Яки Нургуль мен музыка жетекшісі Далдекеева Асылзат Артықбаевнаның еңбегін атай кетейік.
Ата мен әже немересін ертіп шыққанда бұл күннің шырайы кіргендей… Көктемнің алғашқы талын отырғызған немересіне ақылын айтқан, ақ құйып жақсы ырымға балаған, батасын берген атаға, шашуын шашқан әжеге деген құрметіміз шексіз. Үлкенді сыйлап сөз берілсе, ақ шашумен қарсы алса міне ұлттық тәрбиенің үлгісі.
Алғашқы сөзді балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Калиякасова Гульзат Аманбайқызы алып семинар тақырыбына сай балабақшадағы атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Негізгі бөлім тәжірибе алмасуды жетекші балабақша №84 «Кәусар» балабақшасының әдіскері Кажмуратова Алма Тулеубаевна тәжірибелі меңгеруші Қайырғалиева Балауса Төлеуғалиқызының әдістемелік құралы «Табиғатым тал бесігім» тақырыбында балабақшадағы керемет жұмыстармен таныстырды.
Семинар қонақтарына есіктен кірген кезде арнайы «банкаматтағы» кюар код арқылы іс шараның бағдарламасы электронды түрде берілсе, картамен әр кім өзінің белгісін алған еді. Педагогтардың ізденісімен жаңашылдығында шек жоқ. Сол белгі бойынша бірінші топ жасыл ағаш «Қырмызы» ересек тобындағы «Табиғаттағы жасыл достарымыз» тақырыбындағы ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысты.
Балаларға табиғаттағы жасыл достары туралы түсінік беру. Өсімдіктер мен ағаштардың маңызын, олардың қоршаған орта үшін пайдалы екендігін түсіндіру. Балаларға табиғатты қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Өсімдіктердің адам өміріндегі рөлін түсіндіру. Балалардың назарын өсімдіктердің әртүрлі түрлеріне, олардың пайдасы мен ерекшеліктеріне аудару. Табиғаттағы жасыл достарымызды қорғауға үйрету мақсаты орындалды.
Екінші топ жауқазын гүлін тағып ортаңғы «Бәйшешек» тобындағы «Зерттеу әлемінің қызықтары» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетті көрді. Физикалық эксперимент арқылы баланың негізгі әлемдік көзқарасын қалыптастыру үшін жағдай жасау. Байқауды дамыту, эксперимент жүргізу барысында балалардың қызығушылығын арттыру, себеп – салдарын анықтау, қорытынды жасауды үйрету. Көру, есту, сезіну, көңіл бөлу қабілеттерін дамыту. Мектеп жасына дейінгі балалардың практикалық және ақыл-ой әрекеттерін қалыптастырудың алғы шарттарын жасау мақсаты орындалды. Іс –әрекетте тәжірибелік зерттеу, телевизор, сұрақ –жауап,саяхат, бақылау болды. Балалардың өжеттілігі тәрбиешінің шеберлігі, топтардың безендірілуі, тақырыпқа сай құрал –жабдықтармен қамтамасыз етілуі, ортаңғы топ балаларының пайдалы көкөністер шырынымен бояған жұмыстары, тақырыпқа сай түсініктері барлығы да шынайы әрі тартымды…
Тәтті қылықтарымен ойнап жүріп ойланып жауап беруі педагог шеберлігінің арқасы осы тұста екі топтың тәрбиешілері Ерлан Еркегүл, Жакипова Макпал Ергалиевна, Кокеева Салтанат Айтказыевна, Секербаева Нургул Боранбаевнаның есімін атай кеткеніміз жөн.
Тәжірибе алмасу кезеңі қайта жалғасып №24 «Айналайын» балабақшасының инновация әдіскері Маментикова Айгүл Аманжоловна бейнеролик арқылы балабақшадағы ата аналармен бірлесе жасалған жұмыстар жайлы бөлісті.
№ 60 «Арай», №74 «Дәурен», №77 «Қошақан» балабақшасының тәрбиешілері Серкебаева Турар Хасеновна, Тюлегенова Альмира Балыкбаевна, Санах Жұлдыз, Қалаубаева Жазира Сулейменовна, Алжанова Марайгүл, психолог Абуова Алия Абаевна «Экологиялық ойындар» топтамасын көрсетті. Тәрбиешілердің белсенділігі әр балабақшаның өзіндік ерекшелігі бір бөлек.
Семинарды «Еңлік» тобының тәрбиешісі Жумабаева Анара Байсенбаевна мен музыка жетекшісі Нук Акмаралдың дайындаған «хорымен» қорытындылады. Педагогикалық ұжым шығып хорға қосылғанда шәкірт пен ұстаздың сыйластығы көрінген тамаша күн болды.
Жалпы бұл ландшафттық зерттеудің маңыздылығы бақылау, қызықтау, баланы еңбекке тәрбиелеу, зерттеу жұмыстарының таным-түсінігін тереңдете отырып, балалардың өсімдікке табиғатқа деген қызығушылығын ояту. Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сол себепті бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, өсімдікке деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі таңда балабақшадағы өзекті тармақтардың бірі болып табылады. Сонымен қатар ландшафттық зерттеуді тереңдетіп дамытуға мүмкіндік беретін, қазіргі білім идеологиясының ерекшелігі әр баланың экологиялық сауаттылыққа ие болуы – бұл жаһандық қажеттілік. Осыған байланысты «Біртұтас тәрбие» аясында ландшафттық зерттеулер бірнеше мақсатты көздейді. Оның ішінде өсімдіктерді зерттеу мен қорғау әдістерін үйрету. Осы мақсатты жұмыстардың толық атқарылғанына келген педагогтар оң бағасын беріп шынайы пікірлерімен бөлісті.
Семинарға Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»МКҚК әдіскері Боранбаева Майра Сарсенхановна, Астана қаласы әкімдігінің №77, №74, , № 86, №90 балабақша меңгерушілері Рахменова Ляззат Галимжановна, Напбаева Дана Алданазарқызы, Махамбетова Мейрамгул Ихласовна, Бекенова Нургуль Кенесовна педагогикалық ұжымға шығармашылық табыс тіледі.
Бірлік жүрген жерде – береке жүреді. Бір шаңырақ астында жұдырықтай жұмыла білген №92 « Жауқазын» балабақшасының әдіскерлер Куркенова Айзат Кайырбековна, Ныгыметова Назира Сериковна, психолог Кожамсеитова Алия Рахымгалиевна, Шайзада Анаргүл, дене тәрбие нұсқаушысы Солдатхан Кенесары, педаготар Турсанхан Маржан, Садуакасова Жанар Жылкайдаровна, Шуахбаева Айсулу Мейрамбековна, Илипбаева Гульнар Бейсембаевна, Нарынова Жанат Женисовна, Сулейменова Асель Нурмухамбеткызы, Козкина Акерке Талгатовна, Ахметова Айнур Сейдакметовна, Тұрдау Дүйсенгүл, Рахымжанова Елеусиз Советбековнаға семинарға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз. Жан-жақты қабілетті ұрпақ ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Сол перзенттеріміздің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп келе жатқан отбасы мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра білген ұжымға «балабақша балаға не бере алады»,- деген сұрақтың жауабын көрсете білдіңіздер дегім келеді. Бала тәрбиесіне қосар үлестеріңіз арта берсін.
Әлия Ғалымбекқызы,
Астана қаласы
Білім айнасы