Сол жылы көктемдей, өн бойыңа жылу сыйлайтын анаңның маңдайыңнан сыйпағаны….Ананың жылуы арқылы мейірім мен шапағатқа бөленеміз… Ұлттың асыл қасиетін ата-баба өсиетін де тілі мен дінін, салты мен ділін де ұрпақ бойына дарытатын жан ана…
Құлағында шолпысы, шашында шашбауы жан сұлуылығымен тән сұлуылығы жарасқан қазақ қызының басты тәрбиешісі де анасы. Әлемнің шамшырағы , бесіктің иесі саналар ананың орны қашанда төрде. Сол аналардың қызына үлгі болып жұмсақ сөз айтып, мейірім танытуы қыз бала тәрбиесінде орны бөлек. Қызына үлгі болған аналармен бірлікте болу балабақшамыздың күнделікті жұмысы.
Ақпан айының 26 күні балабақшамызда анасымен қызы қатысқан «Бұрымды қыз» сайысы өтті.
Қос бұрымды сұлулықтың белгісі деп таныған халқымыз қыздардың шашын өсіріп ұшына зергердің қолынан шыққан шашбау, шолпы тағып, сұлулыққа жастайынан баулыған, қыз балаға керек қасиет – талғам, жарасым, ақыл, білім, іскерлікті бойына сіңірген. 6 кезең бойынша өткен сайыста эстетикалық талғам, ұлттық киімдер, «Мен қазақтың қызымын дара туған» тақырыбымен өздерін таныстыру, шаш үлгісін көрсету арқылы шаш күтімін жарнамалау, салт — дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру, “Дәмді тағамдар”, өз өнерін көрсетумен сынға түсті. Балабақша тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарламасымен әрленіп отырған сайысқа “Озат” тобынан Айткенова Фарида Бақтығұлқызы қызы Ақтотымен, Мыңқожаева Меруерт Шапайқызы қызы Кәусармен қатысты. “Болашақ” тобынан Айтбек Алма қызы Айназ, “Самғау” тобынан Төлепбергенқызы Айдана қызы Айыммен , Молдабаева Ажар Онарбековна қызы Айшамен, Каримова Шынар Дабылханқызы қызы Арайлыммен бақ сынады.
“Зияткер” тобынан Болатбекқызы Сандуғаш қызы Айлинмен және Сәбитқызы Альбина Аружан қызымен бірге сайысты қыздыра түсті. Айшаның өлең жолдарымен өзін таныстыруы, Айдана ханымың қызы Айымға арнаған әні, Алма ханымның өлең жолдары, Сандуғаш ханымның шеберлігі, Абайдың өлеңін мәнерлеп жатқа оқыған Шынар ханымға отырған жұрт дән риза болды. Әділқазылар шешімімен топ жарған Молдабаева Ажар қызы Айшамен бас жүлдеге, Айдана мен Айым жүлделі I орынға, Айбек Алма ханым қызы Айназбен II орынға, Шынар мен Арайлым жүлделі III орынға ие болды. Қалған аналарымыз «Өнерлі», «Шебер», «Сүйкімді», «Бұрымды қыз» аталымдары бойынша марапатталды. Естелік сыйлықтар табыс етіліп, балабақша өмірінен сыр шертер суреттер сақталды. Өнерлі қыздарымыз бен өнегелі аналарымыздың балабақшамен тұрақты қарым-қатынас жасауы үздік тәрбие үлгісі. Сұлулықтың тұнып тұрған әлемі саналар қыз баланың тәрбиесінде ананың орны бөлек. Оған дәл осы күні бойларында әдептілік, сыпайылық, инабаттылық, шеберлік, тапқырлық, икемділік қасиеттерін қыздарымыздың бойынан көрдік. Жылы жүрегімен шексіз мейірімі, таза көңілді аналарымыз аман болсын.
Каренеева Венера Ерболовна,
Астана қаласы әкімдігі
№73 «Аяулым» балабақшасының
меңгерушісі