Сағи Ақжібек Қанатбайқызы
Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы
И.Тайманов атындағы №27 орта мектеп
Мектепалды сынып мұғалімі
Кілт сөздер: Интерактивті, интерактивті тақта, мектепке дейінгі ұйым.
XXI — ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін балалардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Осы мақсатты орындау барысында балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Қазіргі уақытта, педагогикалық процете интерактивті құралдарды кеңінен қолдануда. Соның бірі интерактивті тақта. Интерактивті сөзі – inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында баланың топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін –бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық балалардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта топтағы балалардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиалық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Сонымен қатар тәрбиешілер өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолдана отырып мақсатына жетеді. Бұл интерактивті тақта –топтағы барлық балалардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдың барлығы алдын –ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуіне қамтамасыз етеді. Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Балалар өтетін тақырыппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да, интерактивті тақтамен жұмыс жасау балалардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады. Білімді игеру үстінде баланың ақыл –ойын дамытуға, ғылыми білімді игертуге, деректерді есте сақтауға әрбір сабақ үстінде интерактивті тақтаны пайдалану қажет –ақ. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, балаға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді. Интерактивті технологияны қолдану арқылы тәрбиеші мен бала арасында екі жақты байланыс орнайды. Бұл байланыс негізінде екеуіне де тиімді тұстары негіз табады. Тәрбиеші өзінің көздеген мақсатына тиімді жолмен жетсе, бала тұлға болып қалыптасу жолындағы негізгі қасиеттерді бойына қалыптастырады. Жалпы осы балабақшадағы интерактивті оқыту технологиясында бала мен тәрбиешінің екі жақты байланыс нәтижесін кесте түрінде былай көрсетуге болады:
Балабақшадағы интерактивті оқыту технологиясы |
Балалар іс-әрекеті |
Тәрбиеші іс -әрекеті |
Нәтижесінде |
Балалар. · Ақыл –ойы дамиды · Мен жүйесі қалыптасады · Сенсорлық дамуын қалыптастырады · Дүниетанымын дамытады, сөздік қорын кеңейте түседі · Ақпараттық мәдениетін қалыптастырады · Ұйымшылдыққа тәрбиелеу · Достық сезімін қалыптастыру
|
Тәрбиеші. · Уақытты үнемдейді · Көрнекілік принципін жүзеге асырады · Ізденушілік қасиеті мен педагогикалық шеберлігін жетілдіреді · Ақпараттық мәдениетін дамытады · Барлық жазбаларды сақтап магнитті тасымалдауыштар арқылы тарату · Өзара ақпарат алмасу · Интерактивті тақта мүмкіндігін тиімді пайдалану
|
Сурет — 1 Балабақшада интерактивті технологиясын қолданудың мүміндіктері.
Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.
Сабақта тәрбиеші интерактивтік тақтаны бір немесе бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда, көптеген жетістітері бар. Бағдарламалық –техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны балаға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен балалардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD –ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде педагог қосымшаны іске қосу, CD –ROM, Web –түйін мазмұнын қарастыру, ақпаратты сақтау, белгілі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді.
Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды әр-түрлі суреттерді пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы сабақ жүргізгенде фон ретінде ертегідегі кейіпкерлердің суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса суретке белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің « төртбұрыш » объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар педагог дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.
Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Сонымен бірге интерактивті тақтаны қолдана отырып тіл дамыту саласы бойынша өтілген педагогикалық процесті айта кету керек: Төрт түлік. Сабақ мақсаты: Төрт түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, баланың өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу. Сабақ көрнекілігі: суреттер, сызбалар, интерактивті тақта. Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі, 2) балалардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару, 3) сабақ тақырыбымен таныстыру, 4) сабақ өту барысында төрт түлік малдардың суретін интерактивті тақта мен көрсету. Дамытушылық: балалардың ой –өрісін, сөздік қорын байыту, оқуда білім –білік дағдыларын дамыту. Сабақтың негізгі тәрбиелік мәні: қазақ халқының өмірін төрт түлік малмен байланыстыра отырып, балалардың төрт түлікті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Балабақша үрдісінде ең қарапайым режимді тиімді қолдануға болады.
Қорытынды: Интерактивті тақта оқыту үрдісінің сапасын арттыруға көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын арттырып, оның оқу –тәрбиеге деген қабілеттіліктері мен құндылықтарын дамытады.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Б.Волков Детская психология: от рождения до школ – Санкт –Петербург: Питер, 2009
- Гриншкун В.В. Теория и практика применения иреархических структур в информатизации образования и обучении информатике. МГПУ — 2004
- М.Мұқашева Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы оқу құралы. Өскемен, 2002
- Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов. Жаңа информациялық технологиялар 2003.
Түйіндеме: Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда интерактивті тақтаны қолдану мүмкіндігі қарастырылған
Резюме: В этой статье рассматривается возможность использования интерактивной доски в дошкольном учереждений
Summary: This article discusses the use of interactive whiteboards in pre-school Institution