Home » статьи » Storytelling in English

Storytelling in English

 Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
№ 10 жалпы білім беретін мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Басбаева Айнур Ибадуллаевна

 

 Мақала атауы:   “Storytelling in English”

 

Бүгінгі таңда шет тілін оқытудың тиімді әрі шығармашылыққа негізделген әдістерінің бірі – storytelling, яғни әңгімелеу әдісі. Осы орайда жасалған «Storytelling in English» атты авторлық бағдарлама ағылшын тілін меңгертуде тың тәсіл ретінде білім беру үдерісіне енгізіліп отыр. Бағдарлама  8 сынып оқушыларына арналған және тіл үйрену барысында олардың сөйлеу дағдысын, тыңдалым, жазылым және оқылым қабілеттерін кешенді түрде дамытуға бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты:

«Storytelling in English» бағдарламасының басты мақсаты – оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге үйрету, олардың тілдік ортада өз ойын еркін жеткізе алу қабілетін арттыру және тілдік кедергілерді жою. Сонымен қатар бағдарлама оқушылардың креативті ойлауын, коммуникативтік дағдыларын және мәдениетаралық қарым-қатынас жасау қабілетін жетілдіруге негізделген.

Негізгі ерекшеліктері:

Әңгіме арқылы оқыту: Тіл үйренуші оқушылар түрлі ертегілер, хикаялар, өмірлік оқиғалар арқылы жаңа сөздерді меңгеріп, оларды қолдану дағдысын жетілдіреді.

«Интеграцияланған тәсіл: Бағдарлама тілдік дағдыларды (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу) бірге дамытуды көздейді. Мысалы, оқушы алдымен әңгімені тыңдайды, кейін оны талдайды, өз ойын айтады және соңында сол тақырыпта жазбаша тапсырма орындайды.

Шығармашылыққа баулу: Storytelling оқушылардың қиялын дамытып, өз әңгімелерін құрастыруға ынталандырады.

Сыни ойлауды дамыту: Әңгімелер талдау арқылы оқушылар оқиғаның құрылымын, кейіпкерлердің әрекетін сараптап, өз пікірін білдіреді.

Мәдениетаралық аспект: Бағдарлама аясында ағылшын тілді елдердің мәдениетімен танысуға мүмкіндік туады, бұл оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді.

Нәтиже:

Бағдарлама қолданылған сыныптарда оқушылардың тілдік белсенділігі артып, сабаққа қызығушылығы едәуір жоғарылағаны байқалды. Олар өз ойын ағылшын тілінде еркін жеткізіп, логикалық жүйемен әңгіме құруға дағдыланды. Мұғалімдер үшін де бұл әдіс оқыту үдерісін жандандырудың бір құралына айналды.

Қорытынды:

«Storytelling in English» – тек шет тілін меңгертуге бағытталған бағдарлама ғана емес, ол – оқушылардың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерінің ашылуына жол ашатын бірегей авторлық жоба. Болашақта бұл бағдарлама мектеп тәжірибесіне кеңінен енгізілсе, ағылшын тілін оқыту сапасы жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*