Home » Новости » Алматы біздің ортақ үйіміз

Алматы біздің ортақ үйіміз

«Таза — Қазақстан» жалпы Республикалық акциясы «Алматы біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында №152 мектеп — гимназиясында аудандық «Менің сүйікті қалам» сурет байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: жас таланттардың шығармашылығын дамытып, туған қалаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Байқауға аудан бойынша 20 оқушы қатысты.

Мұндай іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілетін шыңдап қана қоймай, оларды қоршаған ортаны аялауға тәрбиелейді. Әділқазы алқасының шешімі бойынша 3 — орын №152 МГ оқушысы Бақытжан Ажар, №204 ЖББМ оқушысы Рымтай Бұлбұл және №180 МГ оқушысы Еркебұланқызы Айым иеленді. 2 — орын №91 ЖББМ оқушысы Мендыбаева Анна мен №184 ЖББМ оқушысы Бейсенбай Ақжан иеленді. 1 — орын №171 ЖББМ оқушысы Бекқали Айсұлу иеленіп, қалалық кезеңде аудан намысын қорғауға жолдама алды. Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған “Сурет байқауы” сайысы өз мәресіне жетті. Қатысушыларға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Нусипова шығармашылық шабыт, толағай табыс және жарқын болашақ тілеп, жүлдегерлерге арнайы мақтау қағазын табыс етті.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері
Байжұма Қанат Жұманұлы
Алыбаев Алибек Абдыхалымович

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*