Главное сегодня

Жақсылық жасап жарысайықшы!

«Жақсылық жасап жарысайықшы!» – кішкентай жүректердің үлкен мейірімі ❤️
КМҚК №59 бөбекжай-балабақшасында «Жақсылық жасап жарысайықшы!» атты қайырымдылық акциясы өтті. ????
     
Бұл игі шараға балабақша қызметкерлері, ата-аналар және кішкентай тәрбиеленушілеріміз бірлесе атсалысты. Бүлдіршіндеріміз кішкентай жүректерімен үлкен сауапты іске үлес қосып, бір-біріне қолдау көрсетудің, жақсылық жасаудың маңызын сезінді.
Бұл тек көмек көрсету ғана емес — балалардың жүрегіне мейірімділік, қамқорлық пен жылулықтың дәнін себетін ерекше тәрбиелік іс-шара болды.
     
Қасиетті Рамазан айының аясында ата-аналардың қолдауымен бүлдіршіндерімізбен бірге азық-түлік себеттері дайындалып, Нұршашқан ықшамауданында тұратын екі көпбалалы отбасыға, сондай-ақ пәтер жалдап тұратын Рухия әже мен Айсұлу әжеге табысталды. Сонымен қатар ауыл мешітінен көмек сұраған отбасыға жеткізу үшін арнайы азық-түлік қорабы ұсынылды.
Жақсылық жасау үшін үлкен болу міндет емес. Ең бастысы – жүректің таза болуы.
Кішкентай қолдарымен жасалған әрбір игі іс – үлкен үміттің бастауы. ✨
Осындай игі істер арқылы балаларымыз қайырымдылыққа, жанашырлыққа және адамгершілікке тәрбиеленуде.
Бұл – кішкентай жүректердің үлкен мейірімі! ❤️

Балабақша меңгерушісі
Ахмедова Ақмарал Серікқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *