Home » статьи » Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі!

Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі!

Биыл Ұлы жеңіске 80 жыл. 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыс ешкімді де аямады. Ешкімге де оңай болған жоқ. Еліміз қасіретті жылдары ондаған миллион азаматынан айырылды. Майдан даласында қаза тапқандар арасында барлық ұлттың жауынгерлері болды. Ана баласынан айырылды, отбасы азаматынан айырылды. «Соғыстың беті ары» деп ұрандатқан жас ұрпақ бүгінде патриоттық сезімге толы іс-шаралар өткізуде. Соның бірі де бірегейі Медеу ауданы № 7 жалпы білім беретін мектеп ұстазы Баймишова Бибигул Балтабайқызының мұрындық болуымен өткен «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі!»атты іс-шара.
    
Аталған іс-шараға бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Сахна шымылдығы ҚР Әнұранымен ашылды. Мерекелік жиынға арнайы шақырылған ҰОС ардагерлері келіп алдыңғы қатарға жайғасты. Оқушылар сахнада соғыс жылдарынан өлең оқып, ән шырқады. Әлия мен Мәншүктей қазақ қыздарының ерлігін мақтанышпен еске алып, 1 сынып оқушылары жаттаған тақпақтарын жарыса айтты.
Соғыс ардагерлері оқушылардың өнерлерін тамашалап қол соғып қошемет көрсетіп, риза болды. Ардагер ата-апалар осы бейбіт заманымызға шүкіршілік айта отырып, жас ұрпаққа өздерінің естелік әңгімелерін айтып берді. — Соғыс деген сұмдықты болдырмасын, сендер көрмеңдер. Біз көрдік, қиналдық. Осы тыныштығымыз мәңгі болсын, — деп тіледі олар.
Мектеп директоры Оразалиева Жанар Маутханқызы келген қонақтарға деген алғысын білдірді. — Біздің бейбіт заманда тыныш өмір сүріп жүргеніміз Сіздердің арқаларыңызда, біз үшін шеккен азаптарыңыз бен қасіреттеріңіз аз болмады, сіздерге рақмет! , — деді ол өз сөзінде.

     
Іс -шараны ұйымдастырып басы-қасында жүрген Баймишова Бибигул Балтабайқызы Кеңес кезінде октябрят, комсомол, пионер деген ұйымдардың болғанын айтып, «Зоя» атты жыр оқып берді. Бүгінгі іс-шараның жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып жүрген Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Еділ Маржан Санатқызы және Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі, старшина Бөгенов Дәурен Сабырұлының еңбектерін тілге тиек етпеске болмас. Көпшілік бүгінгі жиында соғыс жайында көптеген өлең, жыр тыңдап, оқушылардың өнерлерін тамашалап, риза болып тарқады. Жиын соңында ардагерлерге арнайы гүл шоқтары табыс етілді.

Жұлдыз Смаилова
«Білім айнасы»
Алматы қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*