2025 жылы Қазақстан мен әлем жұртшылығы Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуде. Бұл күн – біз үшін ерекше мәнге ие, себебі бұл соғыс халқымыздың тарихында өшпес із қалдырып, миллиондаған адамды екінші дүниежүзілік соғыстың қасіретінен құтқарды. Ұлы Жеңіс күнінің маңызы тек оның тарихи мәнінде ғана емес, бұл күні майданға аттанып, өз өмірін қиған жауынгерлердің ерлігі мен батырлығының символы болып табылады.
Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп-гимназиясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығын ерекше құрметпен, үлкен салтанатпен атап өттік.
«Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» тақырыбында қалалық семинар өткізіліп, сегіз жүзге тарта оқушылар мен ұстаздар, ардагерлер қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты — Ұлы Жеңістің тарихын түсіндіру, ардагерлердің ерліктерін насихаттау, жастарға елін сүю және отансүйгіштік қасиеттерін сіңіру.
Мектеп-гимназиясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай көптеген маңызды шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, бірнеше тақырыптық дәрістер, шығармашылық байқаулар, көрмелер ұйымдастырылды. Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы дәрістер өткізіліп, олардың соғыс ардагерлері мен майдангерлер туралы естеліктері тыңдалды. Әсіресе, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, эссе жазу және сурет салу сияқты шаралар арқылы олар өз көзқарастарын білдірді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында өткізілген шаралар оқушылардың санасында «Біз бүгінгі бейбіт өмірді ардагерлерімізге борыштармыз» деген ойды ұялатты.
Бүгін ТАМАША ШЕРУ!
Бүгін «ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН, ЖАНЫН ҚҰРБАН ЕТКЕН»
БОЗДАҚТАРЫМЫЗДЫ ҚАДІР ТҰТАТЫН КҮН!
БҮГІН ЖҮРЕК ТЕБІРЕНЕР ЕСКЕ АЛУ КҮНІ!
БҮГІН ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙТЫН КҮН, СЕБЕБІ БІЗДЕР ҮШІН ЖАНЫН АЯМАҒАН «Мәңгілік полк» қаһармандарына ТАҒЗЫМ ЕТУ КҮНІ!
Мектеп-гимназия тарихында ұйымдастырылып отырған Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған «Мәңгілік полк» шеруіне
«Менің атамның портреті» аясында ұйымдастырылған акцияға мектебіміздің 1-11- сынып оқушылары қатыстырылды. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары, ардагер аталарының рухына бас иіп, аса құрметпен шеруге атсалысты.
«Мәңгілік полк» қаһармандарының қатарында мәңгі аттары жазылған бабаларының бейнесін көтерген – рухы мықты оқушыларымыз шеруде мектеп алаңында сап түзеп, Жеңіс үшін күрескен ардагерлерімізге тағзым етті. Әрбір оқушының жүзіне көрініс тапқан мақтаныш пен құрмет – соғыс ардагерлерінің ерліктерін ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу үшін ұйымдастырылған шараның басты мақсатының орындалғанын айғақтады.
С.Е Далбагаеваның жетекшілігімен оқушылардан құралған «Көңілашар» оркестрінің орындауында «Балбырауын мен ЕрТұран» күйлері және «Бейбіт күн тілегі» ұстаздардан құралған хор орындалып, көпшіліктің көңілінен шықты. Салтанатты жиынымыз мектептің даңқ бұрышына саяхат жасаумен жалғасын тапты.
Мектебіздің ұстаздары А.У.Далбаева, Ф.Н.Сүлейменова және М.Н. Аятованың «Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» сахналық қойылымы барлық қатысушылар мен көрермендерге терең әсер қалдырды. Қойылымда тарихи шындықтар мен батырларымыздың ерліктері шынайы әрі жанды түрде көрсетілді. Оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен жұмысының арқасында, қойылым Ұлы жеңістің маңызын жаңа ұрпаққа жеткізуге үлкен мүмкіндік туғызды. Оқушылардың сахналық қойылымы барлық қатысушыларға, әсіресе келген қонақтарға ерекше әсер қалдырды.
Бүгінгі құрметті қонақтарымыз, ардагер аталарымыз С.Аширбеков, Алатау ауданы білім бөлімінің Тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Д.С.Нақысбеков іс-шара соңында қойылымға жоғары бағаларын беріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Олар оқушылардың өз рөлдеріне шынайы кіріп, соғыс жылдарының ауыртпалықтары мен жеңістің қадірін түсініп бейнелегенін атап өтті. Қойылымның әрбір сәті, оқушылардың шеберлігі көрермендердің жүрегіне жетті.
№152 мектеп-гимназия директоры А.С.Жакипова іс-шараның қорытындысы ретінде келген қонақтарға үлкен алғысын айтып, осы тарихи мерекені жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ризашылық білдірді.
Алматы қаласы Алатау ауданы
№152 мектеп-гимназияның ұстаздары:
Бакаева Алия Сарсенбаевна
Алыбаев Алибек Абдыхалымович