Алматы қаласы Әуезов ауданы
КМҚК «№64 бөбекжай-балабақшасы»
Ересек топ тәрбиешілері:
Карагулова Жадыра Курманкановна
Шағатай Мөлдір Талғатқызы
Курманова Мерей Сагындыковна
2025 жылы Жеңістің 80 жылдығына орай, елімізде маңызды іс-шаралар мен мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылуда. Бұл атаулы күннің маңыздылығын сезіну және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында, біздің балабақшамызда да іс-шаралар өткізілуде.
Жеңіс күні – біздің ерлік пен батырлықтың символы, сондықтан бұл мереке жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңызды алаңы болып табылады. Балабақшадағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік естен кетпейді» тақырыбындағы іс-шара балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, олардың тарихқа деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталды.
Іс-шараның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы туралы балаларға қарапайым және түсінікті ақпарат беру, олардың ерлік пен батырлықты бағалауын қалыптастыру, сонымен қатар, бейбітшіліктің маңызын түсіндіру болды. Іс-шараның басында ересек «Бәйшешек» тобының тәрбиешісі Карагулова Жадыра Курманкановна және ересек «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Шағатай Мөлдір Талғатқызы балаларға батыр бабаларымыздың ерліктері мен батылдық қасиеттерін балаларға кеңінен түсіндірді.
Ересек «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі Курманова Мерей Сагындыковна және топ ата-аналары Жеңіс күніне арнап «Ерлікке тағзым!» тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырды. Олар батырлардың бейнесін, Жеңіс символдарын, гүлдер мен бейбіт өмірді бейнелеген қолөнер бұйымдарын ұсынды. Мұндай жұмыстар балалардың ел тарихына деген қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Іс-шара барысында балалар тек тыңдаушы ғана емес, белсенді қатысушыларға айналды. Олар өлеңдер оқып, әндер айтты, би билеп түрлі өз шығармашылықтарын паш етті. Балалар Жеңіс тақырыбындағы білімдерін арттырып қана қоймай, сол кездегі батырларымыздың көрсеткен ерліктеріне деген үлкен құрмет сезімін бойларына сіңірді. Мұндай іс-шаралар балаларды патриотизм мен азаматтық борышқа тәрбиелей отырып, олардың жүрегінде үлкен мәнге ие болады. Балалар Жеңіс күні мен соғыс ардагерлерінің ерліктерін ұмытпай, бүгінгі бейбітшіліктің құндылығын бағалай білетін азаматтар болып өсетініне сенімдіміз!