Home » О нас » Цифрлық дәуірдегі оқушылар: Жасанды интеллект көмегімен ақпараттық сауаттылық пен сыни ойлауды дамыту

Цифрлық дәуірдегі оқушылар: Жасанды интеллект көмегімен ақпараттық сауаттылық пен сыни ойлауды дамыту


Балкыбекова Рабига Жуманазаровна
Алматы қаласы, Жетісу ауданы,
№148 мектеп – гимназияның
жаратылыстану – ғылыми пәндер кафедрасының жетекшісі.

Қалалық семинар. Тақырыбы: «Цифрлық дәуірдегі оқушылар: Жасанды интеллект көмегімен ақпараттық сауаттылық пен сыни ойлауды дамыту»

Бүгінгі таңда білім беру жүйесі цифрлық трансформацияның белсенді кезеңін бастан өткеруде. Цифрлық дәуір — бұл ақпараттың молдығы, дереккөздердің сан алуандығы және технологиялардың қарқынды дамуы кезеңі. Мұндай өзгерістер оқушылардан тек білімді игеріп қана қоймай, оны сараптай алу, дербес шешім қабылдай алу, ақпаратты дұрыс сұрыптап, оны жауапкершілікпен қолдану қабілеттерін талап етеді. Осы орайда жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен сыни ойлау қабілетін дамытуда маңызды құралға айналуда. Ақпараттық сауаттылық пен сыни ойлау: заманауи қажеттілік.


Ақпараттық сауаттылық
— бұл оқушының ақпаратты іздеу, табу, бағалау, саралау және тиімді пайдалану қабілеті.

Сыни ойлау — бұл деректерді талдау, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, түрлі көзқарастарды бағалау, логикалық және дәлелді шешім қабылдау дағдылары. Цифрлық қоғамда бұл қабілеттер адамның тұлғалық дамуы мен табысты болашағы үшін басты факторлардың біріне айналды. Жасанды интеллект – осы дағдыларды қалыптастыруда көмекші құрал ретінде тиімді қолданылады.

17 сәуір күні №148 мектеп-гимназияда «Цифрлық дәуірдегі оқушылар: Жасанды интеллект көмегімен ақпараттық сауаттылық пен сыни ойлауды дамыту» тақырыбында Жаратылыстану — ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен қалалық семинар өткізілді.

    
Семинар мақсаты:
Жаратылыстану пәндерінде жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен сыни ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларға ғылыми деректерді талдау, модельдеу және болжау әдістерін меңгерту.

Семинардың ашылуында мектеп-гимназия директоры Касымова Камшат Темирбековна алғы сөз сөйлеп, мұғалімдер жұмысына сәттілік тіледі.

ДОІЖО Спатаева Дарига Нурболатовна мектеп таныстырылымын жүргізді

STEM технологиясы аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында Арипбаева Г. М., Атакулова Ж. М., Шайхымбекова Г. М. өз жұмыстарымен бөлісті. “Жаратылыстану пәндерінде қолданылатын жасанды интеллект қосымшалары” тақырыбында Есимова М. Д. және Ниязбек П. түрлі бағдарламалармен таныстырып, олардың тиімділігіне тоқталды. Тренингтік бөлімде Тегис Ә., Алпамысова Г. А., Нуралиев Н. Н., Мұқатай М.Қ. қатысушылармен тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, нақты әдіс-тәсілдерді ұсынды.

Семинардың екінші бөлімі шебер сабақтармен жалғасты.

География пәні мұғалімі Онланбекова А.О және биология пәні мұғалімі Балкыбекова Р. Ж. 8 “Б” сыныбымен «Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді. Атап айтсақ, «Адасқан суреттер» әдісімен миға шабуыл жасалды. «Мюнстерберг» әдісі бойынша, зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағыттап сабақтың тақырыбы ашылды. Жаңа тақырып бойынша жасанды инттелект элементтері өте тиімді қолданылды. Оқушыларға топтық, жұптық,  жеке тапсырмалар берілді. Қорықтар, саябақтар ерекшелігін зерттеп, оқушылар ерекше қорғалатын аумақтарды графиктік түрде ұсынып, графикалық сызбаны түсіндірді. Функционалдық сауаттылыққа байланысты арнайы жасалған тапсырмалар  орындады. «Ғажайып кітап» әдісімен, картамен де тапсырмалар берілді. Соңында оқушылар өз үндеулерін, табиғатты қорғауға байланысты туындайтын негізгі мәселелерді айта отырып, шешу жолдарын ұсынды. «Боулинг» әдісі бойынша оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп қорытынды жасады. Кері байланысқа оқушыларға QR код ұсынылды. Сабақ барысында алған білімдері туралы кері байланыс жазды. Оқушылар тапсырмаларын жоғары деңгейде орындап, мақсаттарына жете білді.

Физика пәні мұғалімі Нұрғалиева Б. А. және химия пәні мұғалімі Тален С. И. «Негіздердің химиялық қасиеттері» тақырыбында шебер сабақ ұйымдастырды. Оқушылар QR код арқылы 3 топқа бөлінді. «Сілті», «Екіұдайлы негіз», «Ерімейтін негіз» топтарына. Жеке жұмыс «Менен сұрақ, сізден жауап» тәсілі арқылы WordwaII бағдарламасы арқылы қойылған төмендегі сұрақтарға жауап берді. Жұптық жұмыста оқушылар белсенді қозғалыс арқылы өткен сабақтардағы формулалар мен атауын сәйкестендірді. Жаңа сабақ тақырыбын ашу ЖИ көмегі арқылы химия пәні мұғалімін сөйлете отыра жұмбақтап тақырыпты табу болды. Оқушылар химия мен физика пәнінен нұсқаулыққа сүйеніп, тәжірибе, зертханалық жұмыс жасалды. Функционалдық сауаттылыққа тапсырмалар берілді. «Көңіл күй барометрі» әдісімен рефлексия жасай отырып, сабақ соңында оқушылардың рефлексиясы: «Padlet» тақтасына электронды түрде толтыру арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.  Оқушылар түрлі тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап,  өз мақсаттарына жете білді.

Қорытындылай келе, қалалық семинар жасанды интеллекттің білім беру процесінде маңызды құралға айналғанын тағы бір дәлелдеді. Ақпарат тасқыны заманына бейімделу үшін оқушыларға тек ақпаратты меңгеру жеткіліксіз – олар оны сараптап, талдап, дұрыс шешім қабылдай білуі қажет. Бұл бағытта мұғалімдерге жүктелетін міндет зор. Цифрлық құзыреттілік пен инновациялық технологияларды игеру – қазіргі заман мұғалімінің басты шарттарының бірі. Семинар аясында ұсынылған идеялар мен тәжірибелер алдағы уақытта білім сапасын арттыруға өз септігін тигізері сөзсіз.

Семинар теория мен практиканы ұштастырған мазмұнды іс-шара болды. Қала мұғалімдері педагогикалық шеберліктерін дамытып, тәжірибе жинақтады. Семинар соңында мектеп директоры К.Т. Касымова қатысушыларға алғысын білдіріп, мәжіліс залында семинарды қорытындылап, кері байланыс жүргізді. Семинарда өткізілген барлық іс – шаралар жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*