Талғар ауданы, Кеңдала ауылы №42 орта мектеп МКМ «Каникулдық мектеп» жобасы «Халықаралық зерттеулер аясында функционалдық сауаттылықты дамыту, білім сапасын көтеру жолдары» жайында семинар өтті. Жан-жақтан іс-тәжірибе жинауға алмасуға келген алаңда мақсат:аудан мектептері мұғалімдерімен халықаралық зерттеулер аясында функционалдық сауаттылықты дамыту арқылы білім сапасын көтеру жолдарымен өзара іс-тәжірибе алмасу. Семинарға аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, жалпы білім беру ұйымдарының директорлары, директордың оқу-әдістеме, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтарымен пән мұғалімдері қатысты.
Тәжірибе алмасу-мұғалім үшін кәсіби қажеттілік. Сөз басында №42 мектеп директоры К.К Айтбаев «Мектепшілік бақылаумен басқару: «Білім сапасына мониторинг» жасап аудан көлеміндегі семинарды ашып берді.Келесі кезекте авторлық бағдарламаға қойылатын талаптар қандай деген тақырыпта аудандық оқу-әдістемелік орталық басшысы Алтыбаева Г.К нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Әр пән бойынша бойынша секцияға бөлінген кабинеттерге шолу жасап шықтым.Майталман мамандардың шеберлігімен ,тәжірибе алаңындағы ахуалды көзбен көру мүлдем бөлек.Жас мамандардың көңілге түйгені көп болды. Атап айтсақ, «Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша «Оқушы білімін бағалау тапсырмаларын әзірлеуге қойылатын талаптар» жайында Сатамбаева Е., Айдаркулова Ф.Е., Молдақметова А, тренинг өтті. Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты деген тұжырым жасады.
Келесі кезекте «Пәндік және түйінді құзыреттерді дамыту бойынша жұмыс тәжірибесі. Мәтіндік талдау»-деген тақырыпта Алдыбаева А.,Кульясова Э,Алияскарова А.,тренинг өтті. «Жалпы құзіреттілік деген не?»-деген сауалмен басталған тренингте ішкі және сыртқы уәж, тапсырманы қалай әділ бағалау керек сияқты мәселелер қозғалды.
Ары қарай тренинг Абиыр Г.,Сапарәлі А,. «Қазақ тілімен әдебиет сабағында жасанды интелект әдістерін қолдана отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» Интеллектуалды ойын:Mи battle-мен жалғасты.
Жалпы, жасанды интеллекттің көмегімен әр оқушының білім алу деңгейін талдап, олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтай алады, сөйтіп оқу материалдарын соларға бейімдеп ұсынады. Бұл технология оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, олардың оқу барысындағы қиындықтарды ертерек анықтап, оларға уақытында көмек көрсетуді жеңілдетеді.
Жасанды интеллект құралдарын қолданудың артықшылықтарын атап өтті:
ЖИ технологиялары әр оқушының білім алу ерекшеліктерін ескере отырып, жекелендірілген оқу жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
- Автоматтандырылған бағалау жүйелері мен виртуалды көмекшілер мұғалімдердің уақытын үнемдеп, олардың негізгі оқыту міндеттеріне назар аударуына мүмкіндік береді.
- ЖИ платформалары оқу материалдарына кез келген уақытта қол жеткізуді жеңілдетеді, бұл әсіресе қашықтықтан оқыту жағдайында өте маңызды-деп қорытындыланды.
Жоғары дәрежеде өткен « Қазақ тілімен әдебиеті» секциясы өткен семинар осылай өз мәресіне жетті. Келген қатысушылардың кері байланысы бойынша үйреніп, үлгі алатын тұстары көп болды. Маманның өмірдегі ісі-алған тәжірибесінің жемісі. Алдағы уақытта жетістікке жететін- дұрыс бағыт болмақ.
Жадыра Жұмәділқызы
Алматы облысы