Home » статьи » Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Алматы қаласының Әуезов ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Исембаева Асима Бақытжановна

санитариялық-гигиеналық бақылау,
техникалық регламенттер талаптарының
сақталуын бақылау  бөлімінің бас маманы
Әскер Перизат Бауыржанқызы

 

Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.

Қоғамдық денсаулықты қорғаудың негізгі бағыттарының бірі – инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында дезинфекция, дезинсекция және дератизация шараларын дұрыс ұйымдастыру және жүргізу. Бұл шаралардың уақытылы әрі тиімді жүргізілуі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын арттыруға, жұқпалы аурулардың таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Дезинфекция – инфекцияның таралу көздерін жоюға бағытталған іс-шаралар кешені. Оның мақсаты – қоршаған орта нысандарында, заттарда, ауада болатын патогенді микроорганизмдерді жою.

Дезинсекция – жәндіктерден (мысалы, маса, шыбын, тарақан) арылту шаралары. Бұл жәндіктер көп жағдайда түрлі аурулардың механикалық тасымалдаушылары болып табылады.

Дератизация – кеміргіштерді (тышқан, егеуқұйрық) жоюға арналған шаралар. Кеміргіштер оба, туляремия, лептоспироз сияқты қауіпті аурулардың қоздырғыштарын тарата алады.

2024 жылғы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер деректері бойынша, мекемелер мен тұрғын үйлерде дезинфекциялық және дератизациялық іс-шараларды уақтылы және сапалы жүргізу жұқпалы аурулардың 35%-ға төмендеуіне ықпал еткені анықталған.  Дезинфекция, дезинсекция және дератизация ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі №ҚР ДСМ-68 бұйрығында регламенттелген.

Негізгі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

-Дезинфекциялық құралдар тек қана рұқсат етілген, қауіпсіздігі расталған заттар болуы тиіс.

-Өңдеу шаралары микробиологиялық ластану қаупі жоғары орындарда (ауруханалар, мектептер, тамақ өнеркәсібі нысандары) жүйелі түрде жүргізілуі қажет.

-Дезинфекция әдістері (ылғалды, аэрозольды, камералық) өңдеу мақсаты мен нысан ерекшелігіне сай таңдалуы тиіс.

-Жәндіктердің көбею ошақтарын жою (мысалы, су жиналатын жерлерді құрғату, азық-түлік қалдықтарын уақытылы тазалау).

-Химиялық препараттарды қолдану барысында санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтау.

-Жәндіктерге қарсы алдын ала жоспарлы күрес жұмыстарын ұйымдастыру.

-Кеміргіштердің мекендейтін жерлерін анықтап, улау шараларын жүйелі түрде жүргізу.

-Тұрғын үйлер мен мекемелерде санитариялық тәртіп сақтау, азық-түлікті дұрыс сақтау.

-Тексерулер кезінде кеміргіштердің бар-жоғына бақылау жүргізіп, нәтижелер бойынша шара қолдану.

Инфекциялық аурулардың алдын алуда дезинфекция, дезинсекция мен дератизация шараларын тиімді ұйымдастыру – қоғамдық денсаулықты қорғаудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*