Алматы қаласының Әуезов ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Исембаева Асима Бақытжановна
санитариялық-гигиеналық бақылау,
техникалық регламенттер талаптарының
сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы
Төреханқызы Мөлдір
Жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Жүзу бассейндері халықтың спортпен шұғылдануы мен демалуын қамтамасыз ететін маңызды нысандардың бірі болып табылады. Алайда бассейн суының сапасы мен санитариялық жағдайлары дұрыс бақыланбаған жағдайда жұқпалы аурулардың таралу қаупі туындайды. Сондықтан жүзу бассейндерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау – қоғамдық денсаулықты қорғаудың басты шарттарының бірі.
2025 жылғы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, жүзу бассейндері қызмет көрсету барысында қауіпсіздік пен тазалық стандарттарын қатаң сақтауы тиіс. Жүзу бассейндеріне негізгі қойылатын талап «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі №ҚР ДСМ-67 бұйрығында келесідей санитариялық-эпидемиологиялық талаптар айқындалады:
-Жүзу бассейндердің орналастыруға, күтіп-ұстауға, пайдалануға қойылатын талаптары;
-Бассейн суы физикалық, химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша жүйелі түрде зертханалық тексерістен өтуі керектігі;
-Су мөлдір, түссіз, иіссіз болуы тиістілігі;
-Хлорлау немесе басқа да зарарсыздандыру әдістері арқылы судың санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етілуі;
-Бассейндерде су үнемі тазартылып, сүзгілер арқылы айналымға жіберілуі тиістігі;
-Сүзгілер мен зарарсыздандыру құрылғылары тұрақты түрде техникалық қызмет көрсетуден өтуі керектігі;
-Бассейн айналасындағы едендер сырғанамайтын, оңай тазаланатын материалдардан жасалуы қажеттілігі;
-Шомылатын орындардың, душ кабиналарының және киіну бөлмелерінің тазалығы мен желдетілуі қатаң бақылауда болуы тиістілігі;
-Бассейнге тек медициналық анықтамасы бар адамдар жіберіледі.
-Жеке гигиена талаптарын сақтау (шомылу алдында душ қабылдау, арнайы аяқ киім қолдану);
-Бассейн қызметкерлері арнайы оқытудан өтіп, гигиеналық оқыту курстарынан сертификат алуы керектігі;
Жүзу бассейндерге қойылатын талаптардың сақтауы — су арқылы таралатын жұқпалы аурулардың алдын алудың, халық денсаулығын нығайтудың және спорттық өмір салтын дамытудың негізгі шарттарының бірі.