Home » статьи » Атадан қалған асыл мұра

Атадан қалған асыл мұра

Делегат Айман
Астана қаласы әкімдігінің
№ 62 мектеп-лицейі ШЖҚ МКК
Музыка пәні мұғалімі

Атадан қалған асыл мұра

Ғасырлар бойы тарих қойнауында көміліп қалған көне дәстүрлі музыкалық аспаптарды қалпына келтіріп, өшкен дәстүрді қайта тірілту, сөйтіп бабалардың музыкалық әуезді үнін жаңғырту өткен 60-70 жылдарынан бастау алады. Бұл көптеген ұлттардың мәдени рухани өміріне үлкен серпіліс алып келген ерекше кезең болатын. Кеңестер Одағы көлемінде қолға алынған осындай ауқымды жұмыспен қатар кең қанат жайып, ұлттық болмысы мен өзіндік ерекшелігін жоғалта бастаған қазақ халқының көптеген музыкалық аспаптары қалпына келтіріліп екінші тынысы ашылды. Осы аралықта отызға жуық қалпына келтірілген халық аспаптарының ішінен саздан, балшықтан, әктастан т.б. жасалған окрайна тектес үрлемелі аспаптардың үні ерекше естіле бастады. Солардың ішінде сазсырнайдың өзіндік үнімен халыққа танылған, қазақ деген халықтың әні мен күйін дүние жүзіне таратқан кезі кеңестік кезеңнің соңғы онжылдығы және еліміздің тәуелсіздік кезеңімен сәйкес келеді.

Алғашқы деректерде Оңтүстік Қазақстандағы Темір станциясының тарих пәні мұғалімі А.Әлімовтың оқушылармен жасаған экспедициясы барысында қазба жұмысында көптеген құмыралар, мыс құмандармен бірге көлемі құстың жұмыртқасындай іші қуыс, қос ойығы бар, қыштан жасалған аспап та табылады. Жергілікті жердің көнекөз қарияларына көрсеткенде мұның музыкалық аспап, аты сазсырнай екендігі айқындалады. Бұл жайлы зерттеуші: «Сазсырнай аспабын жазушы Дүкенбай Досжанов, Болат Сарыбаевтың музей-пәтеріне Қазақстанның оңтүстігіне орналасқан көне цивилизация орталығы Отырардан әкеп табыс етті»-деген мағлұмат бар.

Түрік қағанаты дәуіріне (6-8-ғғ.) жататын уілдек аспабы 1978 жылы кәзіргі Жамбыл облысындағы көне Тараз қаласының орнына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған. Жергілікті қариялар оны «Фарабидің сазсырнайы» деп атаған.

Ұлттың құнды рухани мұрасы – Сазсырнайды игеру, аспапта ойнай білу бүгінгі жастарға қызықты әрі мәртебе.  Үрлемелі аспапта дыбыс шығару  адам өкпесінің толыққанды жұмысымен тікелей байланысты. Дұрыс дем алу және оны үнемді шығаруды үйреншікті жағдайға келтіру біраз еңбектенуді қажет етеді. Сазсырнай аспабында ойнау адамға, балаларға тиер пайдасы алуан түрлі. Бұл ауыз қуысында орналасқан күрделі органдардан тұратын тыныс алу аппаратымен тікелей байланысты. Сонымен қоса, саусақтардың маторикасын дамытып, саусақпен аспаптың дыбыс шығару ойықтарын сезіне отырып, ол аспаптан үн шығару, мидың белгілі бір бөлігінің жақсы жұмыс жасауына әсері мол. Аспаптан дыбыс шығару процесі кезінде тіл қызметі деерекше маңызға ие.Тіл орындаушы өкпесіненшығатын ауаны аспапқа қажеттң мөлшерде бөлуші қақпақ (клапан) рөлін атқарады. Шығарма орындау барысында тілдің   саусақ әрекетімен бір мезгілде қимылдауы ерекшеленеді. Жалпы бұл аспатың үні әуезді, құлаққа жағымды майда қоңыр, адамның табиғи дауысына жақын.

Аспаптың көлемінің кішілігі, алып жүруге қолайлылығы және басқа аспаптарға қарағанда орындауға жеңілдігі бұл аспапты халықтың арасына кеңінен таратып қазақтың шын мәніндегі ұлттың аспабы етіп насихаттауға мүмкіндік береді. Ұлттық құндылықты дәріптеуде, баланың жан-жақты физиологиялық дамуына, ой өрісінің, дарындылықтың жылуы дарып, өнерлі көп қырлы болуына әсер ететініне шүбә келтірмейміз. Өйткені ұлттық өнер  — үлкен рухани, баға жетпес эстетикалық өмір оқулығы.

Жоғарыда көрсетілген сазсырнай аспабының ерекшелігін негізге ала отырып, мектебіміздің 2 «В» сынып оқушыларына сынып жетекшісі Орынбекова Асемгүл Серікқызының идеясымен сыныпқа «Ғибратты сынып» деп атауын қойып, музыка сабағында ұлттық құндылық деп танылған сазсырнай аспабын қосымша алып жүруге бел байладық.

 Жобаның өзектілігі:
Ұлттық аспабымыз-сазсырнайды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, сол арқылы ұлттық салт-дәстүрлерімізді  насихаттау, аспапта халық әндерін, шығармаларын орындай отырып тарихты танып, білу.

 Жобаның жаңашылдығы:
Оқушы мектеп қабырғасында, арнайы музыка метебінде оқымай ақ , сазсырнай аспабын меңгеріп, музыкалық сауаттылығын арттырып, эстетикалық талғамын өсіреді. Ежелгі аспапты игеру жастар арасында үлкен қызығушылық тудырады.

Жобаның ғылыми-әдістемелік деңгейі:
Музыка сабағында халықтық мәдениеттің мұрасы болған, қазақ ұлттық аспабының бірі  «сазсырнай» аспабын меңгерген,тарихын білетін және өмірлік тәжірибеде қолдана алатын, рухани толысқан тұлға  қалыптасады.

Жобаның практикалық маңыздылығы:
Жұмыс барысында оқушыларымыз ұлттық құндылық негіздерінің бір бөлшегін бойына  сіңірген,  қолына ұлттық аспап (сазсырнай) ұстаған, көркемдік рухының көкжиегі кеңейген, шығармашылық қабілеті ұшталған оқушы тұлғасын көреміз.

Алғашқы сазсырнай аспабымен таныстыру жұмыстары Қосшы қаласындағы көне музыкалық аспаптар мұражайына барудан басталды. Балалар мұражайда сазсырнай аспабының жасалу жолдарын өз көздерімен көріп, қолдарына ұстап қана қоймай ең алғаш рет ойнап та көрді. Мұражайдың басшысы Азамат Бақия он саусағынан өнер тамған шебер, кәсіби музыкант, көнеден келе жатқан ұлттық музыкалық аспаптарды жасаумен, жаңғыртумен айналысады. Шебердің өзі жасаған сазсырнайларды ата аналардың қолдауымен жиырма төрт оқушыға сатып алдық. Бірнеше рет Азамат Бақия мырзамен кездесіп, сыныппен шеберлік сабақтарын алдық. Мұражай ұжымын мектепке қонаққа шақырып, балаларға кездестіру ұйымдастырдық.

Алғашқы сабақтарымыз аспапты танумен, қолға ұстап көру, үрлеп тыныс алу сияқты дайындық жұмыстарымен басталды. Ең бастысы балалардың сонау көне аспақа деген қызығушылықтары арта түсті. Ең алғашқы үйреніп бастаған шығарма қазақтың халық әні «Елім ай» әнінен басталды. Балаларға әннің шығу тарихы, мазмұны, орындалу мәнері сынды түсіндірме жұмыстары қатар жүріп отырды. Оқушыларымыз осы шығармамен мектебімізде өткен семинарда, мектепішілік концерттерде, Оқу ағарту министрінің алдында  да өнерлерін көрсетіп үлгерді.

Кәзіргі таңда халық әні «Балапан қаз», Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнін үйрену үстіндеміз.

Әрине, бұл жұмыстың өз қиыншылықтары жоқ емес, ең бастысы оқушыларымыз ұлттық құндылық негіздерінің бір бөлшегін бойына  сіңірген,  қолына ұлттық аспап (сазсырнай) ұстаған, көркемдік рухының көкжиегі кеңейген, шығармашылық қабілеті ұшталған, оқушы тұлғасын көру біздің басты мақсат.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*