Home » статьи » Математика сабақтарында жаңа инновациялық әдіс тәсілдермен білім  сапасын арттыру

Математика сабақтарында жаңа инновациялық әдіс тәсілдермен білім  сапасын арттыру


Түркістан облысы, Жетісай ауданы
С.Сейфуллин атындағы №52 ЖББМ КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Педогог- модератор
Бабамуратов Маликбай Тухтамуратович

Білім беру саласында болып жатқан реформалардың басты мақсаты: еліміздегі білім беруді әлемдік стандартқа сай деңгейге жеткізу. Сондықтан бұрынғы дәстүрлі білім беруде білім беруші мұғалім болып саналса, бүгінгі білім саласына енгізіліп жатқан сындарлы оқыту ол оқушының дамуы мен білім алуына өзара тығыз ықпалдастық пен бірлескен жұмыстар арқылы жүзеге асырылып, мұғалім сабақта бағыт беруші болып табылады. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. «Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез- келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету айтылғандай оқушының дамуы мен есте сақтауына ықпал ететін білім алатын ортасы мен сабақта қолданатын инновациялық тиімді әдіс-тәсілдер. Ол үшін ең алдымен өз пәнін жетік меңгерген, 45 минуттық сабағының 20-25 минутында өзі сөйлеп, өзі түсіндіріп, өзі бағалайтын мұғалімнің ұстанымын өзгерту, сындарлы оқытудың теориялық негіздерінің мақсат-міндеттері мен маңызын түсінетін, ұстанымын өзгерткен мұғалім болуы қажетті. «Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады.

Социологтар оны негізгі құндылық есебінде атап көрсетеді. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез-келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс». Елбасымыз  жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім», — деп атап өткендей, еліміздің болашағы мен оның дамуына үлес қосам деген әрбір патриот мұғалім сындарлы оқытудың теориялық негіздерін оқып-үйреніп, оны сабақтарындарынында тиімді қолданып, табысты оқытудың негізі болып саналады. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тҽсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дҽрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы жҽне ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік жҽне күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Топтық немесе жұптық жұмыстар берілгенде, оқушылардың бірлескен жұмысы кезінде оқушыларымның тапсырманы қаншалықты түсінгенін, оны ортада талқылауын: оқушы оқушыға түсіндіруі, топтың кедергіге тап болуы немесе мұғалімнен көмек сұрауы, мұғалімнің топтық жұмыстың алға жылжуына бағыт беруі барлығы жіті бақылау арқылы тиімді іске асырылып отырды. Бақылау арқылы сабақтың бір кезеңінің сәтті өтуіне рефлексия жасай алдым. Білім алушы оқушыларымның сыни ойлауы дамиды. негізделген дҽлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады. Осы әңгіменің үш түріндегі зерттеушілік әңгіме есеп шартын оқып, оның шешу жолдарын бірлесіп талқылау барысында жиі орын олады. Осы жерде алынған мәліметтерге интерпретация жасау арқылы шешу жолдарын анықтап, бірлесе отырып, шешуге бағытталады. Оқушыларыма берілген міндеттер (тапсырмалар) есте сақталып, оқушының қызығушылығын арттыру үшін олардың қабылдауы мен дағдыларына сай тапсырмалар қарастырамын. Оқушыларымның жұмыстары бақыланып, олардың жұмысқа тиімді немесе логикалық қорытынды жасауына мен емес енді оқушылардың өзі баға беріп, қорытынды жасайды», — деп Топтарға бірілген тапсырма топ мүшелерінің қорғауының нҽтижесінде, енді өзара кері байланысқа ұласады.

«Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу жҽне қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады». Оқушылар арасында бірін-бірі жақсы тыңдау мен түсінудің нәтижесінде енді көкейде туындаған сұрақтар қойылады. Бұл оқушылардың қаншалықты сабақты меңгеруге ұмтылысын, танымын, өзара бағалауына ықпал етеді. Елбасының жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» баяндамасында 21 ғасырдағы Ұлттық сана туралы бөлімінде әрбір Қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап көрсетті, соның бірі бәсекеге қабілеттік деп, халықаралық деңгейге жетудің жолдарын, олар үштілділік, компьютерлік сауаттылық пен мәдени ашықтық деп көрсетті. Сондықтан балаға білім беруде негізгі математикалық терминдердің үш тілді мағынасын ашып көрсетіп, үйретсек, оқушының өмірде қолданысқа енгізуде, ізденуіне пайдасын тигізері сөзсіз. Ол үшін, әрине, біз өзіміздің тілді меңгеруге деген қажеттілігімізді туындатады. Компьютерлік сауаттылыққа бүгінде 75 % мұғалімдер сауатты деп ойлаймын, математика сабағында эдектронды оқулықтар мен bilimland.kz сияқты сайттарға кіріп, математика, алгебра, геометрияның әрбір сабағына теориялық материалдар, видеолар, тестер, тапсырмаларды орындап, өзін-өзі бағалауына мүмкіндік беретін тапсырмаларды орындатып жүрмін. Мәдени ашықтық – ол да заман талабы деп білемін. Өз ойын ашық айту, түсінбесе сұрақ қоюға дағдыландыру, түсінсе зерттеушілік әңгімеге негіз болар сұрақтар дайындауға үйрету, баланың танымын кеңейтіп, өмір туралы түсінігін дамытады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*