Home » статьи » Балабақшадағы ойынның  баланың психологиясына тигізер әсері

Балабақшадағы ойынның  баланың психологиясына тигізер әсері


Акниязова Гүлманат Маратқызы

Ақмола облысы,  Целиноград ауданы,
Талапкер ауылы, МКҚК «Әсем – Ай» бөбекжайының
педагогика және  психология
ғылымдарының  магистрі:
педагог- модератор

«Балабақшадағы ойынның  баланың психологиясына тигізер әсері»

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Ойынның шартты түрдегі мақсаты бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Орыс педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» — десе, ғалым Е.А.Покровский өзінің балалардың ойындарына арнаған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: ежелгі гректерде «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында «ойын» сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды – деп, барлық халықтың ойын түсінігінің түп-тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды.

Ойындар балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды.
Ойынды ұйымдастыру кезінде төмендегі қағидаларды басшылыққа алу керек:
— кез-келген түрдегі ойын түріне баланы күштеп тартпау;
— ойын динамикасының дамуы;
— ойын атмосферасын ұстап тұру;
— ойын және нақты іс-әрекет арасындағы байланыс;
— баланың ойын кезіндегі негізгі әрекетті нақты өмір тәжірибесіне қолдана білуді үйренуі;
— қарапайым ойындардан қиын ойындарға көшу.

Қазақ халқы ежелден жас ұрпақты сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуін мақсат тұтқан. Баланы үнемі қамқорлыққа алып, жан-жақты тәрбиелеп отырған. Қазақ халқының ұлттық тәлімі мен өнегесі бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінің негізіне айналуы – ел мүддесі, заман

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*