ҒТАМР 14.25.05
Алимбекова Баныу Оспановна
Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп гимназиясы,
Шымкент қаласы
Қазақстан Республикасы
Аңдатпа. Мақалада ұсынылған тақырыптың өзектілігі негізделеді, мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік тәрбиелеу мәселесі бойынша назар аударады. Заманауи әлемнің жаһандану шарттарында ел болашағы ретінде өскелең ұрпақ бейнесінде көрініс табатын рухани және адамгершілік дағдарыс байқалады. Зерттеу мәселесіне байланысты ғылыми әдебиеттерді зерттеу негізінде ұлттық құндылықтар мәселесі, оның ішінде ұлттық құндылықтарды мектеп оқушыларына баулудың және мұғалімнің өз тәжірибесінде ұлтымыздың салт-дәстүрін, мәдени мұрасын, рухани құндылықтарын, яғни, оқу-тәрбие үрдісін біртұтас алып жүретін халықтық педагогика негіздерінен құралатын ұлттық идеологияны көрсету мәселесінің қазіргі жайына талдау жасалып, ұлттық құндылықтарды қолдану тәжірибесі және перспективалары мен мүмкіндіктері қарастырылады. Автор мектеп оқушыларының жасын білім алушының білімі мен білік негізі ғана емес, сонымен бірге өмір бойына мінез-құлқының негізі болатын құндылықтар негізі қаланатын кезең ретінде атап өтеді. Автор ұмытылып бара жатқан ойма нақыш тарихымен таныстырыпп қана қоймай, жасалу жолын және оны мектеп оқушыларының практикада қолданылуын көрсетеді. Зерттеудің мақсаты –мектеп оқушыларының бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеуді қалыптастыру, ежелгі қолөнердің ұмыт болуына жол бермей, жасалу жолын үйрету және маңызын түсіндіру. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін теориялық талдау және деректерді эмпирикалық өңдеу әдістері қолданылды. Ғылыми әдебиетті теориялық талдау, практикалық тәжірибе және оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру.
Түйін сөздер: ойма нақыш, оқушылар, ұлттық құндылықтар, киіз, салт – дәстүр.
Кіріспе
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы.
Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.
Ойма нақыш халқымыздың дәстүрлі өнерлерінің бірі. Ол халқымыздың тұрмыс – тіршілігі мен шаруашылық ерекшелігін көркем бейнелей алатын ұлттық өнер туындысы болып табылады. Бұл өнер халқымыздың киіз үйінің еденініе төселетін алуан түрлі сәнді, үлкенді – кішілі ойма нақыш түрлері. Ойма нақышты мал шаруашылығымен айналысатын ауылдардағы күллі қазақ шаңырағы дәстүрлі жиһаз ретінде күні бүгінге дейін жасап талғамына, қажетіне қарай сапалық өзгеріске бейімдей, түрленеді, кемелденеді, дамиды. Кез келген жағдайда ойма нақыш түрлері, жасалу жолдары, көркемделуі өз деңгейінде орындалуы керек. Ұлттық ойма нақыш түрлерін күнделікті тұрмыста пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері
Ойма нақыш киізден жасалады. Киізді халқымыз жүннен басып шығарады. Киізді басуға арқан-жіп, ойма нақыш жасауға жіп, жиек сияқты қажетті материалдар да жүннен жасалады. Ал жүнді халқымыз баққан малынан күзеп алып отырады. Демек, ойма нақыштың негізгі шикізаті-жүн.
«Ойма нақыш» сөзі, ойма нақышты ою арқылы жасалатындығын түсіндіреді, әрі осы сөзден ойма нақыштың алғашқы нұсқасын түсінуімізге болады. Кесек киіздер, текеметтер алғашқы қажеттілікті өтегенімен, қоғамдық құрылымның біртіндеп дамуы мен тұрмыс мәдениетінің қалыптаса түсуіне сай, тазалыққа тиімсіз, тұтынуға епетейсіздігі байқалған. Адамдар санасындағы талғам-талап, қажетсінуінің қолөнерге ықпал етуімен, қолдануға ыңғайы, жеңіл-желпі, әрі көркем төсеніштер туындады. Осылайша ойма нақыш пайда болды.
Ойма нақыштың өмірге келуіне күнделікті тұрмыстағы қарапайым нәрселер себеп болса керек. Мәселен, көнерген киіздерді кабаттап пішінге келтіріп, ықшамды етіп төсеніп, көктеуді бірте-бірте жиі тігістерге, одан сыруға өзгерткені, одан соң оны қобырай бермеуі үшін қабаттан көктеу. Осыдан бара-бара қабаттауды белгілі пішінге келтіріп, ықшамды етіп жасай бастады. Сөйтіп алғашқы ойма нақыш пішіні қалыптасқан. Бұдан сон кесек киіздерден қалаған мөлшерде алып қабаттап сырып, шағын төсеніштер істеле бастаған.
Материалдар мен тәсілдер
Бұл ойма нақыштар алғашында, әрине орта салынбай жасалды. Бүтін күйінде ығына қарай ойма нақышты, сондай-ақ сол кезгі таңба белгілер, наным сенімдер бойынша өрнектер түсіріледі. Осыдан ойма нақыш шеттерін беріктей түсу үшін жуандық есіп, ойма нақыш шетін жию, қалыптасты кейін-ақ, қара жүндерді пайдаланып қарам-қарсы пустерді шабыстырып колдану аркылы ойма нақыштың шетін жиектеу енгізілді. Ішкі жағына да сәйкес келетін жиек басып, сулар тарту арқылы ойма нақыштың бетіне ішкі сыртқы төртбұрыштар түсірілді де осы жиектердің ара-арасы сырылып отырды.
Кейін ойма нақыштың дамуына байланысты оны берік етіп жасаумен бірге көркемдеу тәсілі қолданып, өрнектеуге өзгерді. Өрнектеу алғашкы кезде жиек басу арқылы орындалады. Көбіне қара киізге ақ жиек және сары жиек басу арқылы өрнектелді, өйткені халкымыз тым ертеден-ақ, жүнді рауғаш ніліне қандыра бояу арқылы сары түсті таба білді де, қара мен ақ тусті табиғи жүнмен қоса сары түсті де шеберлікпен араластыра пайдаланып отырды.
Осылайша ойма нақышты жиектеу арқылы біріншіден, сырылды, екіншіден көркемделеді. Демек, ойма нақыш өнерінде сол кездегі қолда бар материалдар негізінде парасатты аналарымыз жиек басу тәсілін шебер пайдаланып, сол кездін аса сәнді ойма нақыштарын жасаған.
Ол сыздан, ызғардан қорғайтын қалың болуы керек. Ол екі қабат киізден жасалды, әрі берік болуы үшін кемеліне келтіріліп сырылуға тиіс. Оның үстіне, ол адамдардың талғамдық өрісіне сай көркемделуі тиіс. Осылайша сол кезде сыру арқылы ойма нақыш жасау қалыптасты.
Алайда, ойма нақыштарды бүтін күйінде сырып, жиектеп өрнектеу қиынға соқты және тұтас бір түсті киізді түрлеуге да жағдай болмады. Тек екі түрлі (ақ, кара) жиек пайдалатындықтан ойма нақышты тұтас істеу дағдысына өзгеріс енгізілді. Яғни, қараға ақ киізден, аққа қара киізден қалаған көлемде орта және шет салып құрап, түр шығарып, өңдерді бір – біріне байланыстыра істеу пайда болып, жеке-жеке жиекпен өрнектеп сырып алып, қосу арқылы істеу қолайлы болды.
Бұндай ойма нақыш жасау тәсілі саралана келе қазіргі тұрмыста қолданып отырған ортасы, екі жағы, екі басы бар дәстүрлі ойма нақыштың үлгісі қалаптасты. Кейінгі бояушылар ойма нақыштарды алуан жиектермен безендіріліп түрлендіре түсті және боялған жүндерден алуан түсті, халкымыздын тұрмыс өpici жоғарылады. Кілемге бергісіз алуан оюлы, алуан пішінді әсем ойм мәнерінде сапалық өзгеріс туыла бастады. Ол дәуірлер бойы айшықталып түрлене түсті. Бүгінгі танда алуан өрнекті дәстүрлі ойма нақыштар жасалды. Осыдан бастап ойма анқыштың ою-өрнегі, су нақыштар әр үйдің төрінде көз жауын алып, жайнай түсуде.
Талқылаулар мен нәтижелер
Сондай-ақ ойма нақыштарды пайдалану орнына, материалына, істелу әдістеріне қарай алуан түрге бөлінеді.
Ойма нақышттың оюын ойғанда бұл ойындының түп желі жағындағы тұйық ұштарын қайшымен ашамыз да қаттауын жазғанда екі бүтін ою шығады. Шаршылардың үшбұрыштап бүктегендегі орта сызық ұзындығы әркайсысы 46 қабаттап ашық жағын тұйықтап, ою орналастырып ойсақ, онда бұл кездемені екі шаршы түсетін алақанының яғни екі басының оюы. Бұл қалған кезде біраз орын болу керек. Бұндай екі шаршы шығару үшін осы кездемені кесіп, ұзыншақ етіп құрауымыз қаже бір шаршы етіп бүктеп көрсек 32х32 см орта ұзындығы 46 см үшбұрыш етіп бүктеу керек. Ол үшін 52 65х32 см ұзындықтағы материал шығарамыз. Оюлы ойма нақыштың жиегі сынар жиектен басылады 52 см ұзындығынан 32 см бөлігін қиып алып аламыз, қалған 20 см белігін 46 см ұзындығына кал Қолдың оң жағындағы бір шетінен бастап оюды куа жиектеп екінші басына шығару керек. Осы бес бөлік ою түгел жиектеліп болған соң, ойма нақыш құрастырылады. Құрастыру алдында ойма нақыштың екі жаны, екі басының, ортасының шеттерінің киізі түзу шығу үшін олпы-солпы жерлерін ойма нақыштың астарын үстіңгі бет жағынан құрайды.
Алдымен құралатыны ойма нақышты тегістейді. Сонан сон тебен мен шуда жіп, яки мықты ширатылған жүн жіптермен сырмақшы алдымен көлденен басы мен ортасы. Бір бөліктің астары құралып болған соң он бетінің киізін де устінен шығады. Орта бөлік құралып болған соң әлгі тігіс бойынша екі жаны құралады. Осыдан соң ойма нақыш шетін жиып, жиек басылады, не болмаса, ойма нақыш әдемі болуы үшін шетін көмкеріп, көмкерудің ортасынан жиек басса да болады. Бұндай ойманақыштард шеті тегіс болмай, ойлы-қырлы келсе, осы ойыс жерлерін құрап, шетін тегіс етіп алып, көмкерілуі тиіс. Осымен оюлы ойманақыш тігіліп бітеді.
Халық өнері – мәдениеттің мыңжылдық формасы, ол әркімді де өзіне баурап алады, адамдардың еркін қарым-қатынаста болуына шынайы мүмкіндік жасайды, қазіргі мектеп оқушылары қажет ететін ерекше қажеттіліктерді толықтыра алады деп есептеймін. Сондықтан тәрбие стратегиясының өзі қазіргі мектеп өмірі халық өнерінің кең ауқымды таңқаларлық спектрімен толықтырылып, байытылып отырылуы тиіс.
1- сурет. №64 мектеп-гимназиясы 9-сынып оқушылары көркем еңбек сабағында ойма нақыш өнерін меңгеру сәтінен көрініс
Шымкент қаласындағы Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп оқушыларының қазақ халқының ұмытылып бара жатқан, ұлттық құндылықтармызды білім алушылардың дүниетанымын, білімін кеңейтеді, әлеуметтік тәжірибесімен толықтырады, шығармашылық қабілеттерінің кешенін дамытуға себеп болады. Халық өнері арқылы оқушылар халық өміріне қосылып, идеалдары мен дәстүрлерін таниды.
Кез-келген кәсіп өнермен, шығармашылықпен, тәжірибе алмасумен байланысты, ол оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жақсылыққа жетелейді, күнделікті өмірін түрлендіруге көмектеседі. Осындай құнды заттарды жасауды үйреніп, қуанышқа кенелген оқушылар бойында жоғары әлеуметтік бағыттар мен мотивтерге деген қажетсіну сезімі туындайды.
Қорытынды
Мектеп оқушыларының ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда халық дәстүрі мен ана тілдің оң ықпалын ескере отырып айтатынымыз, ескі дәстүрлері, әдет-ғұрыптарға, немқұрайлылықпен қарау мәдениетті, рухани-өнегелілікті, құндылықтарды, тәрбиені жояды. Егер атадан балаға қалатын мирасқорлықты, аманатты, әдет-ғұрыпты сақтай отырып, өткенді дамыта білсек, ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді қайта жаңғыртуға болады.
Білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің мазмұнында ұлттық құндылықтар шешуші рөл атқарады, олардың дамуы мінез-құлық негізі ретінде рухани-адамгершілік сенімдердің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ұлттық құндылықтар білім алушыларға жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өзіне, отбасына, адамдарға, өмір мен еңбекке, қоғамға, мемлекетке, жалпы әлемге саналы түрде қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Біздің зерттеуіміздің мақсаты мектеп оқушыларында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау болды. Зерттеу нәтижелері бойынша біз мектеп оқушыларының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың келесі педагогикалық шарттарын анықтадық: құнды-мағыналы, пәнді-кеңістіктік, әлеуметті байланысты және технологиялық. бастауыш Осы шарттарды тұжырымдау мектеп мұғалімдерінің жұмысына, мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі. Бұдан кейінгі зерттеулердің болашағы – мектеп оқушыларында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру шарттарының әрқайсысын егжей-тегжейлі зерттеу болмақ.
Қолданылған деректер тізімі
- Абылқасымов Б. Телқоңыр. – Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1993. – 160 б.
- Төлеубаев Ә.Т. Қазақ халқы этнографиясының мәселелері. Т.2. – Алматы: Servise Press, 2013. – 496 б.
- Елишев С.О. Изучение понятий «ценность», «ценностные ориентации» в междисциплинарном аспекте //Ценности и смыслы. – 2011. – № 2 (11). – С. 82-96.
- Крысько В. Г. Этнопсихологический словарь/под ред Д.И Фельдштейн. — М.: МПСИ, 1999. – С.343. Zhanat A., Kunimzhan A., Aigul A., Agabekkyzy B.R., Nurziya A. Teachers’ views on teaching modern Kazakh stories over national values //Cypriot Journal of Educational Science. – 2022. — Т. 17. – №. – С. 205-216.
- Ушинский К. Д. Избранные труды. В 4 кн. Кн. 4: Человек как предмет воспитания. Опыт педагогической антропологии (2); сост., статьи, примеч. и коммент. ЭД Днепрова. — М.: Дрофа. – 2005. – Т. 541. – С. 17.
ЗАНЯТИЕ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬЮ НА ОСНОВЕ ОБУЧЕНИЯ ШКОЛЬНИКОВ ИСКУССТВУ ИНКРУСТАЦИЕЙ
Б.О.Алимбекова
Школа-гимназия №64 им. Ж. Аймауытова,
Шымкент, Республика Казахстан
Аннотация. Обоснована актуальность представленной в статье темы, уделено внимание вопросу духовно-нравственного воспитания школьников. В условиях глобализации современного мира наблюдается духовно-нравственный кризис, который отражается на образе молодого поколения как будущего страны. На основе изучения научной литературы связана с проблемой исследования проблема национальных ценностей, в том числе проблема привития национальных ценностей школьникам и проблема проявления национальной идеологии, которая формируется на основе основ народной педагогики, которая осуществляет образовательный процесс в целом, в собственной практике учителя анализируются традиции, культурное наследие, духовные ценности нашего народа, современная ситуация, рассматривается опыт использования национальных ценностей, перспективы и возможности. Автор упоминает возраст школьников как период, в котором закладываются не только основы знаний и умений школьника, но и фундамент ценностей, которые являются основой поведения на протяжении всей жизни. Автор не только знакомит с забытой историей инкрустацией, но и показывает, как она изготавливается и как используется на практике школьниками. Цель исследования – сформировать у школьников прославление национальных ценностей, научить способу изготовления и объяснить значение древних ремесел, не допуская их забвения. Для достижения поставленной цели были использованы методы теоретического анализа и обработки эмпирических данных. Теоретический анализ научной литературы, практический опыт и формирование национальных ценностей у школьников.
Ключевые слова: инкрустация, ученики, национальные ценности, войлок, традиции.
CREATIVE ACTIVITIES BASED ON TEACHING SCHOOLCHILDREN THE ART OF INLAYING
B.O. Alimbekova
School-gymnasium №64 named after J. Aimauitova,
Shymkent, Republic of Kazakhstan
Abstract. The relevance of the topic presented in the article is substantiated, attention is paid to the issue of spiritual and moral education of schoolchildren. In the context of globalization of the modern world, there is a spiritual and moral crisis, which is reflected in the image of the younger generation as the future of the country. Based on the study of scientific literature, the problem of national values is associated with the research problem, including the problem of instilling national values in schoolchildren and the problem of manifestation of national ideology, which is formed on the basis of the fundamentals of folk pedagogy, which carries out the educational process as a whole, in the teacher’s own practice, traditions, cultural heritage, spiritual values of our people, the current situation are analyzed, the experience of using national values , prospects and opportunities are considered. The author mentions the age of schoolchildren as a period in which not only the foundations of knowledge and skills of the student are laid, but also the foundation of values that are the basis of behavior throughout life. The author not only introduces the forgotten history of inlay, but also shows how it is made and how it is used in practice by schoolchildren. The purpose of the study is to form in schoolchildren the glorification of national values, teach the method of manufacture and explain the importance of ancient crafts, preventing their oblivion. To achieve the set goal, methods of theoretical analysis and processing of empirical data were used. Theoretical analysis of scientific literature, practical experience and formation of national values in schoolchildren.
Key words: inlay, students, national values, felt, traditions.