Home » Новости » ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ МЫСЫРДА ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІ АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ МЫСЫРДА ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІ АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

2025 жылғы 1-6 ақпан аралығында Мысыр Республикасының Каир қаласында өткен пауэрлифтингтен ашық әлем чемпионатына Астана қаласының Райымбек батыр атындағы № 50 “Қазғарыш” мектеп — лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Айгүл Тұрғанбайқызы екі алтын медаль алып, көк байрағымызды желбіретті.
Жиырмаға жуық мемлекеттен келген әйелдер ішінен елу төрт жастағы ұстаз жасының үлкендігіне қарамастан ел намысын қорғап 100 кг ауыр зілтемірді көтеріп рекордтық көрсеткішті бағындырды. Айгүл Тұрғанбайқызы спорттың бұл түріне 52 жасында келген. Бір жарым жыл ішінде ауыр атлетиканы меңгеріп, бұған дейінде бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған.
     

— Қазақстан бұл жарысқа бірінші рет қатысып отырғандықтан мені басында Қытайдан келген қатысушы деп ойлады. Алайда, рекордық көрсеткіш көрсеткенімде қазақстаннан келгенімді біліп барлығы қошемет көрсетті,-дейді Айгүл Тұрғамбайқызы.
      

Өткен жылы мемлекет басшысының қолынан білім саласына айтарлықтай үлес қосқаны үшін “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” атағын алған Айгүл Тұрғанбайқызы ата-аналары мен оқушыларына білім мен қатар спортты да меңгеріп, адам бойында жатқан жаңа қырларын кез келген жаста аша біліп, әлемді бағындыруға болатынын көрсеткісі келетін айтады.
Айта кетейік, алдағы уақытта спортшы ұстаз Африкада өтетін жарысқа Қазақстан атынан барып қатысады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*