Home » Новости » Жас сарбаздар-Ел ертеңі

Жас сарбаздар-Ел ертеңі

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №60 гимназияның «Жас сарбаздары» соғыс ардагерін келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап қайтты.


«Жас Сарбаздар» ардагер
Горковская Любовь Николаевнаның үйіне барып, ардагер апамыздың жағдайын біліп, тілектерін айтты. Құттықтау барысында ардагерімізге гүлдер мен азық-түлік себеті табыс етілді.

Любовь Николаевна сарбаздарға алғысын білдіріп, гимназия басшылығы мен ұжымына да өз ризашылығын жеткізді.

Аға буынға құрмет көрсету ұйым жұмысының маңызды бағыты болып табылады. Сондықтан жастар тек мереке күндері қарсаңында ғана емес соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне үнемі қамқорлық жасайды.
Жас сарбаздар азаттықты қадірлейді, құрметтейді.

Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Амангелдіқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*