Home » Новости » Менің отаным-Қазақстан

Менің отаным-Қазақстан

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Білім басқармасы КМҚК «Nº57 бөбекжай-балабақшасында
Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында «Менің отаным-Қазақстан» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру – мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болуы, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Осы орайда сабақ барысында “Алтын сақа” ойын түрінде жүргізілді. Ойын де­геніміз – білуге, білімге құш­тар­­­лықты ұшқындататын құрал. Мі­не, мұның бәрі баланың көңі­лін ашатын, оны ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат қақтыратын ғажап ақыл-ой жетекшісі, денсаулық ке­пілі, өмір тынысы.
Қатысушылар бірінші айналымда «Дыбыстар әлеміне саяхат» жасаса, екінші айналым «Менің Отаным — Қазақстан» бөлімінде Рәміздеріміз, қала атауларына қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берді.

Үшінші қорытынды бөлімде “Отан” туралы мақал-мәтелдер мен өлеңдер айтып жарысқа түсті.
Бұл күннің бір ерекшеліктерінің бірі сабаққа ата-аналар мен ақ жаулықты әжелерімізде қатысты. Ұрпағына ұлттық тәрбие беретін ата-әжелердің орны қашанда ерекше сақталған. Балқожа би мен Зередей зерек әжесінің ертегі, аңыздарын, жыр-дастандарын тыңдап, тәрбиесін алып өскен аталарымыздың ұлт тұлғасына айналғаны белгілі. Осы мысалдардан-ақ ата-әже тәрбиесін алып өскен баланың күні ертең-ақ еліне елеулі, халқына қалаулы болмасына кім кепіл.

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізген тәрбиеші Омарова Гүлмира Нышанхановна мен Қазақ тілі мұғалімі Шалаханова Алтыншаш Есентаевнаға ата-аналар да, балабақша ұжымы да риза болды.
Бұл ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар өздері игерген білімді қайта қолданды. Керек жерлерін көкейлеріне түйді. Ал ата-аналар болса балабақша ұжымына алғыстарын айтып, ризашылық күйінде тарқасты.
Балаларымыз бақытты, балабақшаларымыз жайлы болсын!

Білім айнасы
Алматы қаласы
Елназ Тұрсынғалиқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*