Азизова Гульжан Абдурамановна
№ 12«Қарлығаш» балабақшасы
тәрбиеші
Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбие арқылы еңбекке баулу
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі педагогикада экологиялық тәрбие беруге ерекше назар аударылуда. Экологиялық түсініктерді қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі-балалардың табиғаттағы заттар мен құбылыстарды тікелей бақылауы [1].
Егер адамдар табиғатты қорғауды үйренбесе, онда олар болашағына зиян келтіреді, оның алдына алуы үшін экологиялық мәдениет пен жауапкершілікке тәрбиелеуіміз керек. Экологиялық тәрбие мектепке дейінгі жастан болуы керек, себебі балалық шақтың осы кезеңінде бала табиғат туралы эмоционалды әсерде болады, өмірдің әр түрлі нысандары туралы түсінік, яғни экологиялық ойлаудың бастапқы элементтері қалыптасады.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбие арқылы еңбекке баулу.
Міндеттері:
1.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру
2.Суды қорғау, тазалықты сақтау сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
3.Табиғатты танып білуге деген қызығушылығын ояту.
4. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты аялауға баулу.
- Табиғатқа бақылау жасау арқылы, экологиялық түсініктерді меңгерту
6.Балалардың танымдық зерттеу әрекетін ұйымдастыру
7.Табиғатқа қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу
8.Ауладағы тазалықты сақтауға тәрбиелеу.
Көкейкестілігі (өзектілігі): Менің алып отырған тақырыбым аса өзекті аса қарқынды дамыған заманда бір реттік қолданған заттарға екінші рет өмір беру (қысқа айтылу керек).
Жаңалығы: Күнделікті үздіксіз танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып қоршаған ортаға пайдалы тұлғаны тәрбиелеп шығару, (педагогикалық жағы)
Балада дағды, қабілет қалыптасады, ата-аналармен бұрын мән бермеген жұмыстарды өңу арқылы балада қызығушылық қалыптасады, балалар өздері түрлі туындылар жасайды,балалардың көңіл-күйлері көтеріледі. Күнделікті қарым-қатынас жасау арқылы мәдениеті қалыптасады, қимыл белсенділіктері артады (психологиялық жағы).
Күтілетін нәтижесі:
1.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады
2.Суды қорғау,тазалықты сақтау сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиеленеді. 3.Табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оянады. 4.Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты аялауға баулиды.
5.Табиғатқа бақылау жасау арқылы,экологиялық түсініктерді меңгертіледі.
6.Балалардың танымдық зерттеу әрекетін ұйымдастырылады 7.Табиғатқа қамқорлық көрсетуге тәрбиеленеді 8.Ауладағы тазалықты сақтауға тәрбиеленеді.
Тұрақталу бөлімі: Мектеп жасына дейінгі балаларға экалогиялық тәрбие беруді жүзеге асыру,отбасында жалғасын тапса тиімдірек болады. Отбасы – бұл жеке тұлғаны тәрбиелеуде белгілі бір рөл атқаратын шағын ұжымның бір түрі. Отбасылық тәрбие арқылы баланың қоршаған ортамен әр түрлі қарым-қатынасы реттеледі [2] Отбасында баланың табиғатты қорғауға негіздері қаланады. Балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін дамыту үшін мынандай іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруға болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың эко-білім беру бағдарламасына қатысуы олардың дұрыс экологиялық әдеттерін қалыптастырады, атап айтқанда қоқыс тастамау, гүлдердң жұлмау, қалдықтарды сұрыптау, үй өсімдіктерін күту. Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу өте маңызды.
Қоршаған ортамен таныстыратын арнайы ойын түрлерін ұйымдастыру
Түрлі экскурсиялар:
- Зерттеушілікке қызығатын сюжетті әңгімелер
- Табиғатты қорғау жарыстары
- Қоршаған орта туралы ертегілер
- Қыс мезгілінде қардан мүсіндер жасау
1 | Қоршаған ортаң таза болсын десең өзіңнен баста | Қолды жуу,пайдалы,зиянды тағамдар. |
2 | Құстарға қамқорлық жасау, ұлулар. | Құстарға ұя жасау,серуен барысында ұлуларды бақылау. |
3 | Қағазға екінші өмір сыйлау | Ата-аналармен балалар керексіз қағаздардан керекті қағаздар зат құрастырады |
4 | Пластик бөтелкелерден зат құрау | Ата-аналармен балалар керексіз пластик бөтелкелерден керекті зат құрастырады |
5 | Көктемгі еңбек | 1.Топта көгөністер ( көк пияз, көк шөп ), бөлме гүлдерін отырғызу, топырақтарын ауыстыру. 2 Ауладағы еңбек (құстаға ұя жасау, аулада ағаштың шыбықтарын жинау). |
6 | Жазғы еңбек | 1. Аула гүлдеріне су құю 2. Ауладағы арам шөптерін жұлу. |
7 | Күзгі еңбек | 1 Балабақша ауласындағы жапырақтарды жинау. 2 Жапырақтардан мүсіндер жапсыру. 3 Егін жинауға көмектесу. |
6 | Нақыл сөздер жаттау. Дәйек сөздер. Ребустар шешу. | Отан отбасынан басталады. Қыз өссе елдің көркі Гүл өссе жердің көркі Туған жерге туыңды тік |
7 | Ecosophy (киелі табиғат) кітабынан үзінділер. | «Жалбыздың қасиеті», 163 бет «Құмырсқаның илеуін бұзба» 108-бет «Төрт түлікті қастерле» 95-бет |
8 | Қауіпсіздік ережелері | 1.Жолдағы қауіпсіздік 2.Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік ережесі 3.Үйдегі қауіпсіздік ережелері. |
9 | Сумен тәжірибе жасау | 1.Суды мұзға айналдыру, мұзды қайтып су күйіне айналдырып тәжірибе жасау. 2.Сумен вулкан жасау ( су, лимон қышқылы, бояу) қосу арқылы. 3. Қардан мүсіндер құрау 4. Қыс мезгілінде ата-аналармен сайыс ұйымдастыру. |
10 | Төрт-түлігім ырысым | 1. Қой өнімінен не алынады 2. Сиыр өнімінен не алынады 3. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін сахналау. |
Ойындар:
1. «Қайта өңдеу» ойыны
2. «Қалдықсыз шатыр»
- Экоинспекторға көмектес. Қоқыс қалдығын далаға шашқан қай үйдің тұрғындары.
4. «Қоқыстарды сұрыпта» Шыныдан жасалған қоқысты-Ш,
қағаз өнімдерін-Қ, пластик қалдығын-П,
Метал заттарды-М
Экологиялық тәрбие балаға нені береді?
— қоршаған орта туралы түсініктері қалыптасады
-қоршаған ортаның әдемілігін қабылдау, эстетикалық қабілеттері дамиды
— өсіп тұрған өсімдіктерге,жан-жануарларға,жәндіктерге қиянат жасамау.
Адам баласы табиғаттың ең үлкен ұлы перзенті болумен бірге, ең үлкен қамқоршысы да екенін естен шығармауымыз керек.Туып-өскен жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра білу жолында талмай жалықпай еңбек ету барлығымыздың міндетіміз. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану,қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен
мектепалды сыныптарында 2023-2024 оқу жылында тәрбиелеу мен білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқаулық хат
- Керімбай С. , Нәби С. Отбасы хрестоматиясы, — Алматы: Орхон , — 2019, 208б.
3.Aimaq.kz 01.10.2021
4.Аюбек Ә., Сәуірбекқызы А. Ақылбас экология әліппесі (кітаптар
жинағы), 2024 ж.