Home » О нас » Lesson Study әдістемесін қолданудың тиімділігі

Lesson Study әдістемесін қолданудың тиімділігі

Ағымдағы жылғы 12 наурызда Астана қаласының Білім басқармасына қарасты Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейі «Lesson Study» зерттеу шығармашылық тобының ұйымдастыруымен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК өкілдерінің қатысуымен «Кері байланысты тиімді ұйымдастыру: Lesson Study зерттеу бағытының тәжірибесі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Жетекші мектеп және серіктес мектеп педагогтары қонақ ретінде шақырылып, қатысып отырды. Семинардың мақсаты кері байланысты тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын талқылау және Lesson Study әдістемесін қолданудағы озық тәжірибемен танысу, сондай-ақ мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу болып табылады.

Семинардың басталуы барысында №27 мектеп-лицейінің басшылығы семинарды өткізудің негізгі мақсаты мен міндетін түсіндіріп өтсе, Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Баяков Абдимутали Темірбекұлы Lesson Study зерттеу сабағы оқушының білім алуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагогикалық тәсіл екеніне тоқталып өтті. Семинардың арнайы қонағы «Білім айнасы» газетінің бас редакторы Қуантай Амантайұлы Қатшабаев жетекші мектеп және серіктес мектеп педагогтарының қатысуымен өткізіліп жатқан семинар жалпы орта білім беру жүйесінің дамуына әсері зор іс-шара екенін, біліктілікті арттыруға әсерлі осындай семинарлар қажет екенін атап өтті.
    

Семинар екі кезең бойынша секцияларға бөлініп өткізілді. Бірінші кезең:   практикалық жұмыс/ашық сабақтар негізінде болды. Онда Көркем еңбек пәні бойынша 8 «Н» сыныпқа мұғалім Амирова Жазира Кожанқызы «Жұмыстардың көрмесі» тақырыбында, Информатика пәні бойынша 6 «Н» сыныпқа мұғалім Рахметова Айнұр Абайқызы «Сызықтық алгоритмдерді программалау» тақырыбында, Жаратылыстану пәні бойынша 6 «А» сыныпқа мұғалім Қожамберген Аяулым Берікқызы «Ағзаларға қысымның әсері» тақырыбында, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 6 «В» сыныпқа мұғалім Битемір Айнаш Бескемпірқызы Ә.Дүйсенбиевтің «Күшті болсам егер мен …» тақырыбында сабақтар берді.

Екінші кезеңде шебер сыныптар бойынша «Lesson Study — зерттеу сабағының тиімділігі» тақырыбында №51 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Момункулова Манат Абдрахимқызы, Кожахметова Айгерим Молдахметқызы, Қалжанова Ақмарал Бақытжанқызы, «LS сабақтарында кері байланысты ұйымдастыру әдістері» тақырыбында Рахымжан Кошкарбаев атындағы №44 орта мектептің мұғалімдері А.Калтай, К.Жаксыбергенова, «Сандық технологиялар арқылы кері байланыстың тиімді құралдары» тақырыбында №27 мектеп-лицейінің мұғалімдері Секерова Ақмарал Жаханқызы, Утюпова Адия Маратқызы, Калиева Алтынгуль Есенгельдықызы, Битемір Айнаш Бескемпірқызы, Айтжанова Жанар Габдувалиқызы, «Эффективная обратная связь в Lesson Study: просто о главном» тақырыбында №27 мектеп-лицейі мұғалімдері Бабашева Диана Болатқызы, Есжанова Жазира Ауезханқызы, Ергеш Ақдидар Асанқызы, Псибаева Гаухар Нұрболқызы, «Жасанды интеллект платформалары арқылы кері байланыс түрлері»  тақырыбында №27 мектеп-лицейі мұғалімдері Сердалы Толқынай Оңталапқызы, Карбозова Аяужан Жамантайқызы, Бимыкова Асел Коянбайкызы, Нүркен Нәзгүл Базарбайқызы, Ерназар Сабина Аманжолқызы шеберлік сабақтарын береді, №27 мектеп-лицейінің мұғалімдері Жарасова Акбота Куатқызы, Абдуллаева Айнұр Берікбайқызы, Куттымуратова Фариза Самуратқызы, Нариман Аяжан Нұрланқызы, Ерімбетов Айбек Полатбекұлы психологиялық тренингті ұйымдастырды.

Семинарды қорытындылай отырып, Астана қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері Мәдениет Хабатұлы кері байланыс орнатып, семинар барысын қатысушылармен талқылады.

№27 мектеп-лицейі математика пәнінің мұғалімі, Lesson Study бойынша    мектеп координаторы Мыкышева Замзагуль Карибекқызы осы оқу жылындағы Lesson Study зерттеу сабақтарының толық жұмысының қорытындысы ретінде  дайындаған жинақ кітапшасын қонақтарға үлестіріп берді.

өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*