Алматы қаласы Білім басқарамасына қарасты « Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған КММ № 24 бөбекжай -балабақшасында 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік деп соғады-жүрегіміз» атты тақырыпта іс-шара өтті. Іс- шара Әнұран шырқалуымен ашылды. Одан кейін Желтоқсандықтар!
Ұл қызы қайсар Қазақтың! деген ұранмен жалғасты. Балабақша ұжымы болып, бүлдіршіндерді аталмыш мерекеге дайындап, бар өнерлерін көрермендер назарына ұсынды. Балабақша тәрбиешілері әр топты өздігінше патриоттық ән орындауға, өлең шумақтарын жаттауға сонымен қатар, «Желтоқсан құрбандарының есімдері,- мәңгі ел есінде» деп Қайрат, Ләззат, Сәбира сынды аға апаларының аттарын атады.
Бүгінгі іс-шараға Желтоқсан оқиғасына қатысқан ардагер Айжарикова Жумажан Төрегалиқызы қадірлі қонақ болып келіп, бүлдіршіндердің көрсеткен өнерлерін тамашалап, алғыс білдіріп, жүрекжарды тілектерін арнады. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балабақша көптеген іс-шаралар өткізіп келеді. Бүлдіршіндердің осынша терең мағыналы тарихи құндылыққа толы ақпараттармен толысқан мерекеге деген дайындықтары осы ұжымда қызмет жасап жүрген тәрбиешілермен педогогтардың ерен еңбектерінің арқасы дерсің.
Балалар бірінен бірі асып түсіп рухты әндер орындап, тебірене сезініп өлең оқыды. Мұның бәрін бала түйсігіне жеткізіп, сезіндіре үйрету оңай емес, десекте балабақша ұжымы балаларға жан-жақты білім мен тәрбие бере алуларының нәтижесі дерсің. Мен осы балабақшаның меңгерушісі ретінде өз бүлдіршіндерімді мақтан етемін, олардың әрдайым мерекелік көңіл күйде өнер көрсетулерінің куәсі болып келемін. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында әр бала патриоттық сезіммен жан-жақты өнерлерін көрсетуде деп ризашылығын білдірді аталмыш балабақша меңгерушісі Шаганова Бахыт Кусмановна.
Бүлдіршіндер, Отан, Тәуелсіздік тақырыбында тақпақтар айтып, Айгөйлек тобы би билеп, жігіттер қамшы ұстап, көк туды көкте желбіретіп, патриоттық көріністі сипаттаса, балалар оркестрі «Келіншек» күйін орындап бүгінгі мерекелік іс- шараның көркін қыздырды. Көрермендер кішкентай өнерпаздардың өнерлеріне дән риза болып тарқасты. Бүгінгі балабақша қабырғасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ, ертеңгі Қазақ елінің мақтанышы, білімді азаматы мен азаматшасы. Ендеше намысшыл патриот, білімді ұрпақтың қалыптасуына сіз бен біздің береріміз көп. Әсіресе өз елінің тарихын білу бірінші міндет. Олай болса білімді ұрпаққа, оларды тәрбиелеп жүрген тәрбиеші ұстаздарға өз тарапымыздан алғысымызды білдіреміз.
«BILIM AINASY»
Жұлдыз Смаилова
Алматы қаласы