Home » Новости » Тұғырлы Тәуелсіздік

Тұғырлы Тәуелсіздік

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы,
№121 бөбекжай-балабақшасында
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай “Тұғырлы Тәуелсіздік” атты ұйымдастырылған іс-шара өтті.

«Тәуелсіздік сөзінің өзі жанымызға жылу, бойымызға күш, қуат береді.
Тәй-тәйлаған баладай басқан адымдарын санап, 4-5 жасында өз-өзіне қарап, 10-15 жасында пайдаға ісі жарап, 20-25 жасында өсіп-өніп, аты әлемге тарап, етек-жеңін жинап, бар әлемді мойындатып, Тәуелсіздіктің бесігінде 33 жыл тербелген қазақ елі, 33 жылдық тәуелсіздігің құтты болсын!» — деген құттықтау сөзімен шара шымылдығын балабақша меңгерушісі Колдабаева Шолпан ханым ашты.

Бұл күннің қадір-қасиетін балалардың да түсініп тұрғаны анық. Барлығы тыңғылықты дайындықпен келген екен. Тәрбиеленушілер мың бұрала би билеп, әсем ән шырқады. Бүлдіршіндердің жүрек толқытар көріністері қонақтардың көңілін босатты. Бұл мақтаныштың, қуаныштың жасы еді.

Қазақ халқының ерекше сүйіспеншілігіне бөленген «Атамекен» әнімен кеш қорытындыланды.
Ән басталған сәтте-ақ, барлық қонақтар жатқа айтып, қосыла жөнелді. Қырық жылдан астам уақыт бұрын жазылған мағыналы ән бұл күнде өз рухын жоғалтқан жоқ. «Атамекен» — қазақ жүрегінің жырына айналған ән.

Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.
Қазақтығымыз бітпесін, азат күніміз бітпесін! Қазақ тіліміздің тұғыры берік боп, елдігіміз жандана берсін! 33 жылдығың мәңгілікке ұласып, шаттығың мен бақытың ортаймасын! Қазақстан жасай берсін!

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Амангелдіқызы

One comment

  1. Білімді , білікті тәрбиешілер👍 Ахметова Діддәгүль апай өте білімді, тәжірбиелі ұстаз👍👍😂

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*