Алматы қаласы білім басқарамасына қарасты № 92 бөбекжай балабақшасы Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ұлттық құндылық- ел байлығы» тақырыбында семинар өткізді.
Алдымен семинарға арнайы келген қонақтар, балабақшада орналасқан көрмені тамашалады. Одан әрі семинардың ашылуында Тәуелсіздік символдарына жеке-жеке тоқталып құнды дүниелеріміз дәріптелді. Бүлдіршіндер, Әнұран Елтаңба, Көк туымыздың тарихына өздерінше тоқталып, сипаттама беріп, тақырыпты аша түсті.
Сонымен қатар, Ұлттық ойындарымыздың түрлеріне тоқтала келе, қазаққа қасиетті де қастерлі саналатын отауымыз, киіз үйдің әр бір бөлігін таныстырды. Осылайша балалар сахна төрінде киіз үй құрастырды. Кереге, уық, шаңырақ бір шаңырақ астында жиналу- «Отан» деген ұғым. Олай болса, отан-отбасынан басталады. «Біз- бір отбасымыз» деп ұрандатты Тәуелсіз елдің тарландары. .
Осыншама құнды дүниені бала бойына сіңіру оңай дүние емес, бала тәрбиесінде үйдегі ата- ана мен ұжымның ықпалы мол. Балаларды патриоттық сезімге баулып, өнер үйретіп мерекелік іс-шараның жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, іс-шараның басы қасында жүрген тәрбиеші Сәркеева Гауһар Айтқожаевнаның, қазақ тілі маманы Жүргенбаева Гүлмира Нүсіпбайқызының еңбектерін айтпай кетуге болмас. Бүгінгі семинар барысында ата-аналарда ұжымға деген өз ризашылықтарын білдірді.
Ары қарай, бүлдіршіндердің топтық жұмыстарына кезек берілді. Мұнда балалар қол маторикасын дамыту, құмыра жасау, әжелер мектебінің ізін жалғастыру, яғни қолөнерге басымдық берілді, Бірі киіз басса, енді бірі текемет тоқып, сырмақ сыру үлгілерін көрсетті.
Ер балалар бәйге ұлттық ойынын ойнады. Әсіресе кішкентай өнерпаздардың қасиетті қара домбыраны қолдарына алып, айтыс өнерін сахнада көрсетулері тартымды әрі қызықты болды. Бала түйсігімен осыншалықты күрделі жанырды игерулері қуантты көпшілікті. Семинар барысында, аталмыш балабақшаның психолігі жиналған қонақтармен шаттық шеңберін құрып сергіту тренингін және логикалық сұрақтар қойылатын қызықты ойындар өткізді.
Бүгінгі семинарда Бостандық ауданының білім бөлімінің басшысы Касымбек Айгүл Жұмабековна да өз пікірін білдіріп, алғыс атты. Семинар балабақша ұжымы мен бүлдіршінднрінің бірілесіп дайндаған концертімен жалғасты. Музыка жетекшісі Балтабай Жазира қылқобызда ойнаса, түрлі байқауларда бірнеше дүркін жүлделі орындарға ие болған талант иесі Қуаныш Ақниет ән шырқады.
«BILIM AINASY»
Жұлдыз. Смаилова
Алматы қаласы