Жуырда Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты КМҚК №148 бөбекжай-балабақшасында «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған аудандық іс-шара өткізілді. Аталмыш шараның мақсаты рухани адамгершілік пен азаматтық жауапкершілікті, патриотизммен парасаттылықты адалдықты дамытуға арналады.
Мәдениет құндылықтары негізінде білім алушының үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыру, отанға, қоршаған орта мен қаумалаған халыққа, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспешлікті біз осы шараның мақсатынан аңғардық.
Шараның бастауы күмбірлеген күйге билеген бүлдіршіндерден басталды.
Балапандардың күйдің ритіміне сай ширақ әрі анық қимылдауы келген қонақтардың назарын алмай қоймады. Ары қарай педагогтар мен бүлдіршіндердің қатысуымен музыкалық «Тәуелсіздік ел – ұраны» атты таңғажайып қойылым қойылды. Бұл композиция бабадан мұра болып қалған қастерлі тәуелсіздіктің біздің өскелең ұрпаққа қандай жолмен келгендігі жайында көрсетіледі.
Сахнаны алған өнерпаздар қойылымның аяғында бар қазақты бір тудың астына бір жұдырықтай жұмылу мақсатында барша қонақтарға өнерлерін паш етті.
Сонымен қатар қазіргі таңдағы біртұтас тәрбие бағытында білім алушы бүлдіршіндердің санасын дамыту, қоршаған ортаға бейімдеу, шыдамын шыңдап, еңбекке баулу мақсатында педагогтардың «Ұрпақ ұлттық ойындармен шыңдалады» деген тақырыпта балаларға арналған ойындарын тамашаладық.
Негізгі мақсат балаларды бір жұдырықтай жұмылдырып, логикасын арттырып, түспен жұмыс жасатып, қол методикасын дамытуға негізделеді. Сахнада практикалық тұрғыдан «Бәйге», «Оюлар жарысады», «Садақ ату», «Шертпек» сынды көптеген ойындардың таныстырылымы өтті. Аталмыш ойындарға шараға келген қонақтар да қатысты. Ойындардың барлығы балалардың сақтау қабілетін дамытып, көптеген пайдалы дүниелерге жол ашады.
Іс-шара соңында келген қонақтар пікір алмасып, өз әсерлерімен бөлісті. Балабақша меңгерушісі Шарапиева Рая Заданқызы өз алғысын білдіріп, көптеген әдістік тәжерибесімен бөлісті. Тәуелсіздік күніне арналған бұл шара біртұтас тәрбие аясында ұлттық құндылықтарды насихаттап, өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие беруге арналады.
Білім Айнасы
Алматы қаласы,
Дулатбек Нұрланұлы