Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің
1-курс PhD студенті: Аляхимет Айдана
Н. Утемгалиева, PhD, доцент м.а.
Р. Авакова, филология ғылымдарының докторы,
профессор
Р. Кондыбаева, PhD, доцент м.а
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Түркітану және тіл теориясы кафедрасы: тілді, мәдениетті және ғылымды ұштастыру орталығы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасы – бұл тек білім беретін ғана емес, түркі әлемінің рухани мұрасын зерттеп, ұрпаққа жеткізетін бірегей ғылыми орталық. Кафедра өз жұмысын заманауи талаптарға сай жүргізе отырып, өткен мен бүгіннің, ғылым мен мәдениеттің арасындағы алтын көпір болуда.
Кафедраның қызметі бірнеше негізгі бағыттарды қамтиды:
Түркі халықтарының тілдері мен әдебиетін зерттейді. Бұл бағыт көне түркі
жазбалары, орта ғасырлық әдеби мұралар мен қазіргі заманғы түркі тілдерін зерттеуге арналған. Кафедра тіл құрылымын, оның дамуын, типологиясын және басқа да лингвистикалық аспектілерін зерттейді. Ғылыми зерттеулер этнография, мәдениеттану және тарихи деректерді талдауға негізделген.
Кафедра студенттерге жоғары деңгейдегі білім берумен қатар, зерттеу және тәжірибе жасау мүмкіндіктерін ұсынады: Кең ауқымды білім беру бағдарламалары: Студенттер көне түркі жазбаларын зерттеуден бастап, қазіргі тіл теориясы мен лингвистикаға дейінгі кең тақырыптарды меңгереді. Практикалық бағыт: Кафедра студенттерді заманауи ғылыми әдістерге баулып, оларды зерттеу жүргізуге және өз нәтижелерін халықаралық конференцияларда қорғауға дайындайды. Халықаралық ынтымақтастық: АҚШ, Германия, Түркия, Австрия, Ұлыбритания, Әзербайжан, Өзбекстан және басқа да жетекші университеттерімен әріптестік орнатылған, бұл студенттер мен оқытушыларға академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді.
Түркітану және тіл теориясы кафедрасы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. Оның басты бағыттары:
- көне түркі жазбаларын зерттеу және оларды түсіндіру;
- түркі халықтарының тілдері мен мәдениеттерінің өзара байланысын анықтау;
- жаңа лингвистикалық және әдеби зерттеу әдістерін әзірлеу.
Цифрлық дәуірде Түркітану және тіл теориясы кафедрасы өз қызметін жаңаша форматта жалғастыруда. Кафедра көне жазбаларды цифрландыру, мультимедиялық оқыту құралдарын әзірлеу және халықаралық деңгейде жаңа жобалар жасау сияқты жұмыстармен айналысуда.
Егер сіз түркі әлемінің мұрасын сақтап, жаңа буынға жеткізіп және оны жаңа ғылыми жетістіктермен толықтығыңыз келсе, кафедраның есігі түркітануға қызығушылық танытқан әрбір жанға ашық.