Home » статьи » Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ: Болашаққа бастар білім мен тәжірибе

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ: Болашаққа бастар білім мен тәжірибе

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
1-курс докторанты: Жанибекова Алтынай
ф.ғ.д., профессор Авакова Р.А.
PhD доцент м.а. Утемгалиева Н.А.
PhD доцент м.а. Досанова А.М.
PhD доцент м.а. Қондыбаева Р.Ж.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ: Болашаққа бастар білім мен тәжірибе

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің білім беру жүйесінде жетекші орын алатын оқу орны. Бұл университеттің докторанты болу – мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік.

ҚазҰУ-дың басты мақсаты – еліміздің білім беру жүйесін дамыту, жастарды сапалы біліммен қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулер арқылы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу. Университеттің стратегиялық жоспары заманауи білім беру әдістерін енгізуге, ғылыми зерттеулерді қолдауға және халықаралық стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – ғылыми зерттеулерді дамытуға зор көңіл бөлетін мекеме. Университеттің ғылыми кітапханасы, зертханалары мен ғылыми жобалары студенттер мен докторанттарға өз зерттеулерін жүргізуге қажетті барлық ресурстарды ұсынады. Университетте білім алу процесі тек теориямен шектелмейді. Студенттер мен докторанттарға арналған түрлі бағдарламалар, семинарлар, тренингтер мен мастер-класстар өткізіліп, кәсіби дамуға жол ашады. Университеттің инфрақұрылымы, кітапханасы мен заманауи зертханалары білім алушылардың ғылыми ізденістерін қолдауға бағытталған. Мұнда менің ғылыми жетекшімнің көмегімен көптеген халықаралық конференцияларға қатысып, өз жұмысымды таныстыру мүмкіндігіне ие болдым. Докторант ретінде мен тек ғылыми зерттеумен айналысып қана қоймай, сонымен қатар университеттің қоғамдық өміріне де белсене қатысудамын. Университетте түрлі іс-шаралар орын алады, дебат түрінде, дөңгелек үстел сияқты шаралар көп өткізіледі. Бұл шараларды өткізу барысында «Түркітану және тіл теориясы» кафедрасының оқытушылары бізге әрдайым қолдау білдіреді. Кафедрамыздың оқытушылары өте білімді әрі білікті мамандар. Шетелден алған білімдерімен, тәжірибелерімен әрқашан бөліседі.

Студенттермен, профессорлармен және басқа да зерттеушілермен пікір алмасу менің көзқарасымды кеңейтеді. Оқытушылар өте білімді, бізге әрқашан бағыт-бағдар беріп, бар білімдерімен бөліседі. Сонымен қатар, университеттің халықаралық байланыстары мен серіктестерімен бірге жұмыс істеу менің кәсіби дамуымды жылдамдатады. Мен бұл университетте бакалавриатта оқып жүргенімде академиялық ұтқырлықпен Мәскеудегі РУДН университетінде білім алған едім. Магистратурада оқып жүргенімде академиялық ұтқырлықпен Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында орналасқан Стамбул университетінде 1 семестр білім алып келген едім. ҚазҰУ маған білім алуға көп мүмкіндіктер беруде. Университетіміздегі үлкен әрі жайлы кітапхана біздің білім алуымызға үлкен мүмкіндік ашады. Кітапханаға барып өзімізге қажетті кітаптарды алып, көптеген мәліметтер жинап, дайындала аламыз. Бакалавриатқа түскенде менің таңдауым Әл-Фараби университетіне түскен болатын. Cебебі бұл университет Қазақстандағы ең беделді жоғарғы оқу орны. Магистратураны және докторантураны да осы университетте оқимын деп шешім қабылдаған болатынмын. Менің бұл университетті таңдауымның бірнеше себептері бар:

  • Университеттің білім алушыға беретін мүмкіндіктері
  • Үлкен ғылыми базаның болуы
  • Өз ісінің мамандарының білім беруі
  • Ғылыми жұмыс жасау барысында ғылыми жетекшілердің бағыт-бағдар беруі

Жоғарыда аталған артықшылықтар білім жолына түскен әр білім алушыны шабыттандыра отырып, нәтижеге жетуіне ықпал етеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты болу – мен үшін тек ғылыми зерттеу емес, сонымен қатар жаңа идеялар мен тәжірибелерді алу, қоғаммен байланыс орнату мүмкіндігі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бұл білім мен ғылымның, инновация мен дәстүрдің тоғысқан жері. Мен, ҚазҰУ-дың докторанты ретінде, осы университеттің бір бөлшегі болуыммен мақтанамын. Біздің университетіміздің болашағы жарқын, ал біз, жастар, оның дамуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз. ҚазҰУ – Қазақстанның білім беру жүйесінің негізі, ал менің ғылыми зерттеулерім мен білім алуым – осы негіздің бір бөлігі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*