Home » статьи » Жүрек тербер ана мен бала арасы…

Жүрек тербер ана мен бала арасы…

Адам махаббат сезімін сезінгенде ғана өзі сондай сезімді береді екен…
Отбасы дейтін жылы ұяда  сүйіспеншілік болғанда  өсіріп отырған ұрпағың адамгершілік пен ынтымақты, қарым –қатынасты сезіне алатын толыққанды азамат болмақ.


Бала тәрбиесі жауапкершілікті мейірім мен махаббатты қажет етеді. Оның ішінде енді ғана қалыптасып келе жатқан балалық шақта бала үшін балабақшаның, алғашқы ұстазы тәрбиешілердің атқаратын рөлі ерекше. Әр нәрсеге құмар бала қасында  ізденімпаз, шығармашыл  педагогтардың болуы басты орында. Ұрпақ тәрбиесі жолында ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру, отбасы  тәрбиесімен балабақша қабырғасындағы тәрбиені ұштастыра отырып дұрыс дамып жетілуіне үлес қосу біздің міндетіміз.
Ұлттық тәрбиеден салт-дәстүр мен ауыз әдебиетінен нәр алған ұл-қыздарымыз ана тілін қадірлеуді, тарих пен мәдениетке құрметпен қарауды салт-дәстүрді бойына сіңіруді бала кезінен үйренсе өмірінің алғашқы баспалдағы дұрыс қаланғаны.

  
Астана қаласы әкімдігінің №63 «Әсем-ай» балабақшасы отбасылық құндылықтарды дәріптеу арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде аналардың атқаратын орны ерекше екенін  түсіну мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында аналардың  балабақшамен байланысын нығайту бағытында үнемі жұмыс жасап келеді. «Әжелер мектебі»,  «Аналар мектебінің» жұмыс жасауы сөзімізге дәлел.  Жыл басын анамен қызының қатысуымен өткен аналар сайысымен бастауымыз жақсылық пен ізгіліктің бастамасы. Анасын үлгі көретін, сүйіспеншілігін ауадай қажет ететін ананың көңіліне қарай бұрылатын қыздың ана үшін де орны тым бөлек. Анасымен қызының арасындағы шынайы қарым –қатынасқа куә болу риясыз махаббатқа сену, сүйсініп отырып қарайтын шынайы көрініс. Балабақшамызда сайысқа қатысқан 6 ана өзінің қыздарымен бірге ұлттық киімде жарық еткенде әлем нұранғандай…. Балабақшамыздың төрінде «Маржан»тобынан Баукен Амангүль Дәулетқызы, қызы  Баукен Жасминмен  Қыдырмолдина Бақытжан, қызы  Қанатбек Айбикемен өнер көрсетті. «Сутас» тобының намысын Когамова Ботакөз Даулетовна, қызы Садвакасова Алина, «Қыстас» тобынан Тулеубекова  Динара, қызы  Мереке Жания,  Туребаева Жұлдыз, қызы Қапас Мәрияммен  «Құбылтас» тобынан Уткалеева Батима Нугметжановна , қызы  Сагидуллина Айринамен сайыс көркін қыздыра түст і.
6 кезеңге бойынша сынға түскен аналар «Тегімді менің сұрасаң…» тақырыбымен өздерін таныстырудан бастады.  Ас үй шеберлерінің қолынан шыққан «Ұлттық тағамды таныстырыңыз» бөлімінде дайындап әкелінген тағам түрлерінің жасалу жолымен бөлісті. Тамаша бір сайыс кезеңі қыздарының «Шаш өрімі» кезеңінде түрлі тәсілмен өрген бұрымдары таңдай қақтырды.  «Шешендік өнер» мақал мәтел жарысынан сүрінбей өтіп, «Ұлттық қол өнер – тәрбие көзі» тақырыбында үйде жасалған қолөнер бұйымдарын ортаға салды. «Өнер сайысы» кезеңі бұл күнгі сайыстың қызған тұсы болды. Әнмен би аналардың өнерге деген құштарлығы қасындағы кішкентай қыздарымен бірге тіптен жараса түсті.

Мәнерлеп мағналы сөзбен, келіндік ибамен өздерін таныстырған аналар ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкен қазақ халқының  ұлттық тағамдары ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді өнім түрлерін ұсынды.

Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай «жалғыз бұрым», «қос бұрым» деп  бөлінген. Ұзын әрі алтын, күміс шолпы тағылған сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі аша түскен.

Шаш күтімі оны тарау, өсіру, өрудің өзі үлкен бір тәрбие мектебі десе де болады. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі үлкен, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» делінген халық өлеңіндегі ғажап сурет осының бір дәлелі. Шашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын, жағатын, тағылымы зор тағымдар мен зергерлік әсем бұйымдар тағы бар. Осыны түсіне отырып шаш өрудің талай түрін көрсеткен аналарымызға ризашылығымызды білдіреміз.
Мақал-мәтел сайысында әр анаға үш мақалдың алғашқы жолы айтылып жалғастыру сұралды.

Қазақ халқының қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Балаларымызды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелей білген. Бүгінде сол ұмыт бола бастаған қолөнерді қайта жаңғырта бастағанымыз ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мұраны жалғастыра білгеніміз тамырымыздан ажырамаған тәрбиеден деп білемін. Сайысқа балабақша ішінен құралған әділқазылар алқасы есепшіміз Ақтоты Кеңесқызы, балабақша әдіскері Парида Алтайқызы төрелік жасап 6 кезеңнен сүрінбей өткен аналарымызды марапаттады.
І  орынға ие болған   Баукен Амангүль Дәулетқызы, қызы — Баукен Жасмин, ІІ орын Туребаева Жұлдыз, қызы – Қапас Мәриям

ІІІ орын  Қыдырмолдина Бақытжан, қызы — Қанатбек Айбике сайыс жеңімпаздары атанды.
Ізгіліктің бастауы саналар ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайтыны  шындық. Балабақшамызда  «Аналар мекебінің» ашылуы  ұлттың бойындағы бар жақсы қасиетті тілін, дінін әдет-ғұрпын, салт-санасын, тіпті тамаша мінез-құлқын да бала бойына сіңіретін аналарымызбен бірлесе жұмыс жасау. Қыз тәрбиесі анадан! болса бұл күні  аналарға үлгі болар балабақшамыздың белсенді аналарының басқосуы болды  деп білемін.
Жүрекке жылылық сыйлар, мейірімге бөлеп, айналасына шуағын шашар аналарымыз аман болсын!

Рахметова Галия Каирбаевна,
Астана қаласы әкімдігі
№63 «Әсем-ай» балабақшасының
меңгерушісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*