Алматы қаласы мектептерінің медициналық кабинеттерінде 2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы (бұдан әрі – АПВ) жоспарлы вакцинациялау, сондай-ақ 12, 13 жастағы қыздарға вакцинация жалғасуда.
11.03.2025 жылы қала бойынша АПВ — ға қарсы бірінші дозамен барлығы 7038 қыз вакцинацияланды, оның ішінде 11 жаста — 2872 және 12 — 13 жаста – 4166 қыз вакцинацияланды. Вакцинацияланған қыздар арасында вакцинациядан кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелмеген.
Вакцинациялауға рұқсаты бар медицина қызметкерлері, егілетін адамдарды қарап — тексеруден өткізіп, вакцинациялауды жүргізуге ата — анасынан (заңды өкілдерінен) келісім алғаннан кейін жүргізеді.
АПВ — ға қарсы вакцинация Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (бұдан әрі — ДДСҰ) сертификатталған, Қазақстан Республикасында тіркелген, 6 ай аралығымен 2 дозадан тұратын, АҚШ — тың 4 валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылады. Бұл вакцина АПВ 6,11,16 және 18 түрлерінен қорғайды.
Вакцинада тірі вирустар жоқ, инфекцияны тудырмайды және репродуктивті функцияға әсер етпейді! ДДСҰ 9 жастан 14 жасқа дейінгі қыздарды, жыныстық қатынас басталғанға дейін вакцинациялауды ұсынады.
Қазіргі уақытта қыз балаларды егу арқылы АПВ онкогендік түрлерінен қорғауға болады. Екпе мектеп немесе емхананың егу кабинетінде жүргізіледі.
Ата-аналарға 11 жастан 13 жастағы қыздарды АПВ — ға қарсы вакцинациялау ұсынылады.
Елімізде жыл сайын 1900 — ге жуық әйелде жатыр мойны обыры анықталады, оның ішінде 600 әйелде қолайсыз нәтиже көрсетіледі, статистикаға сәйкес, күн сайын 2 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады.
АПВ-ның 200 — ден астам түрі белгілі, олардың 40 — тан астамы жыныс аймағына әсер етуі мүмкін және кем дегенде 14 — і онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін.
АПВ беріледі:
— АПВ жұқтырған адамдармен жанасу кезінде тұрмыстық байланыс жолы арқылы;
— тері және шырышты қабаттар;
— жыныстық қатынас кезінде;
— босану кезінде анадан балаға АПВ берілуі мүмкін.
АПВ — ға қарсы Вакцинация баланың өміріндегі маңызды қадам болып табылады, өйткені онколонкологиялық аурулардың алдын алудың тиімді, қауіпсіз әдісі және көптеген жылдар бойы қорғауды қамтамасыз етеді!
Спикер Қасымхан Алпысбайұлы