Home » О нас » Алматы қаласындағы ЖРВИ, тұмау аурулары бойынша эпидемиологиялық  жағдай жөнінде

Алматы қаласындағы ЖРВИ, тұмау аурулары бойынша эпидемиологиялық  жағдай жөнінде

Алматы қаласы бойынша қазіргі уақытта  жедел респираторлық инфекциялардың (бұдан әрі — ЖРВИ) бақылау деңгейінен аспайтын маусымдық өсуі байқалады.

Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 18515 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші — 807,63 — і құрайды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,7 пайызға (16622 жағдай) жоғары және бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 13 пайызға төмен (21296 жағдай) . Бұл аурудың 60,5% балаларды қамтиды (11195 жағдай).

2024 — 2025 жж жаңа эпидемиологиялық маусым басынан (40 — шы аптадан бастап 9 — ші аптаға дейін) ЖРВИ — дің 399499 жағдайы тіркелді, 100 тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 17426,16 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе төмен (604766 жағдай, көрсеткіш -27124,47). Аурудың 62,2% — ы балаларды қамтиды (248669 жағдай).

Ағымдағы жылдың эпидемиологиялық маусымның қараша айының ортасынан  бері тұмаудың зертханалық расталған 253 жағдайы, оның 127 – і А типі А/H1N1 және В типі — 126, науқастарға ем тағайындалған, жағдайлары қанағаттанарлық. Қалада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқада вирустары: риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирустар айналымда  жүр.

Зертханалық мониторинг нәтижелері бойынша қалада тұмауға жатпайтын басқа ЖРВИ вирустары анықталды: риновирус — 18, парагрипп — 2, РС — 51, аденовирус — 1, бокавирус — 1, 9 сынамада маусымдық коронавирус (зерттелген 259 сынаманың 82 — де оң нәтиже). Метапневмовирус  тіркелген жоқ.

 Профилактика (алдын алу) шаралары:
Қала халқы ЖРВИ, тұмаудың эпидемиологиялық  маусымында аурудың өсуі кезеңінде аурудың  алдын алу бойыншатөмендегі бірқатар шараларды естен шығармау керек:
— дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин сықпасын қолдану;
— жаппай іс — шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдету, ЖРВИ — мен науқастанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде кию;
— ауырған жағдайда, өз бетімен ем-дом қолданбай, үйден шықпастан, медицина қызметкерін шақыруы қажет, түшкіргенде және жөтелгенде ауызды қолмен, майлықпен жауып, қолды жиі жуу қажет;
— ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-жалпылама  іс-шаралары жүргізілетін орындарға жібермеу.

Осы аталған қарапайым нұсқауларды сақтау, сіздерді ЖРВИ мен тұмау ауруынан қорғайды.

Спикер Калыкова Асель Токановна

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*