Home » Новости » Интерактивті құмсалғышты пайдалана отырып балалармен жұмыс жасаудағы Арт терапия

Интерактивті құмсалғышты пайдалана отырып балалармен жұмыс жасаудағы Арт терапия

Алматы қаласы, Алмалы ауданы,
№ 16 бөбекжай- балабақшасында “Интерактивті құмсалғышты пайдалана отырып балалармен жұмыс жасаудағы Арт терапия” тақырыбында семинар өтті. Балабақша меңгерушісі Сакенова Айгуль Тулебаевна келген қонақтарға амандасып, іс-шараны өзінің алғыс айту сөзімен бастады.

Бұл семинардың мақсаты: құм терапиясын қолдана отырып, тактильді сезімталдықты, еріктілікті, бейнелеуді,қиялды, қабылдауды дамыту, психофизикалық жүктемені жеңілдету.

Семинардың бастамасында ортаға балабақша педагог-психологі Тебенькова Яна Владимировна шығып, семинар туралы түсіндіріп, тақырыпты аша түсті. Келген қонақтардың көңіл-күйін көтеру мақсатында, ортаға шаттық шеңбер құрғызып, сергіту сәтінен бастады. Кейін тәрбиешілерді екі топқа бөліп, екі кезеңнен тұратын ойын ұйымдастырды.


Бірінші кезеңде құммен жаттығулар жасатқызып, құмға қалаған жануарларын жасатқызды. Электронды тақтада көрсетілген ою-өрнектерді бейнелеп салды, құмнан сарай салды. Қатысушылар балаша ойнап, бүлдіршіндердің қандай сезімде болатынын сезінді. Терапияның түрлі қыр-сырымен танысты.

 

Екінші кезең “Друдлы” ойынымен басталды. Психолог қатысушыларға түрлі карточкалар көрсетті. Бұл карточкалардан әркім өзінше бір нәрсені көргенін айтты. Яғни ойынның басты мақсаты: қиялды дамыту. Кейін екі топ “Чем пахнет радуга”, “О чем, мечтают звезды” тақырыптарында плакатқа әркім өз қиялымен суреттер салды. Қатысушылап ортаға топ болып, бірлесіп жасалған жұмыстарымен бөлісті.

Келген барлық қонақтар, құм терапиясының аппараты бар кабинетпен танысты. Электронды ойындар қосып, құммен түрлі жаттығулар орындады.
Семинардың соңында пікір алмасу болды. Педагог-психологтер осындай іс-шараның болғанына қуанып, тәжірибе алмасқандарын айтты.

4.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Осындай іс-шараны ұйымдастырған № 16 бөбекжай- балабақшасына алғыс білдіреміз. Жүзінен күлкісі кетпейтін бүлдіршіндеріміз аман болсын. Балабақша ұжымына шығармашылық табыс тілейміз деп ізгі ниет білдіреміз!

BILIM AINASY
Алматы қаласы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*