Алматы қаласы,Түрксіб ауданы №121 бөбекжай-балабақшасында Омарбекова Фарида Қызырқанқызының “Үштік одақ-Бала бақыты” жобасы бойынша іс-шара өтті.
Бұл семинар ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында қыркүйек айынан бері жүргізіліп жатқан жұмыстың қорытындысы ретінде өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты бала бойына ұлттық құндылықты мектепке дейінгі мекеме қабырғасынан сіңіре білу. Ұлттық құндылықты ұлықтап, рухы мықты ұлан болуға тәрбиелеу. Қазақылықтың тереңде жатқан түп тамырын тәрбиеленушілерге сіңіре білу, қазақилықтың иісі аңқыған ауыл өміріне сапар шегу.
Іс-шараның шымылдығын балабақша меңгерушісі Колдабаева Шолпан Опетбергеновна кіріспе сөзімен бастады.
Әрі қарай Отбасы құндылықтардын сақтау,әкелердің бала тәрбиелеудегі
жауапкершілігін арттыру, әке мен
бала арасындагы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ата-ана Капашев Бейбіт Илашевич ұлдарға “Қой қырқу” туралы түсіндірме өткізді. Ұлттық дәстүрді ауызша айтып ұрпаққа мұра ете алмайсың. Оны өзің бастап істеп, бала-шағаңа қолмен ұстатып көрсетуің керек. Олай болмаса, дәстүрді дамытамындеу — ыдыстың ернеуінен сыртқа төгілген сумен тең демекші әкеміз тек қана түсіндірме өткізіп қана қоймай тәрбиеленушілермен бірге қойды қалай қырқу керек екенін көрсетіп, бірге қой қырқыды.
Алма ағаштың гүліндей-ай, текеметтің түріндей-ай деп ары қарай аналарымыз тәрбиеленуші қыздармен бірге “Жүн сабау”, “Жүн түтіп”, “Киіз басу» туралы әңгіме айтты. Киіз басқан адам суретшіде болады. Төзімділікке үйренеді. Аналарымыз”Ұлттық құндылықты” дәріптеп, тәрбиеленушілермен бірге ою-өрнекті кигізге басып, әжелер қыздарға жүн сабап үйретті.
Келген қонақтардың көңіл-күйін көтеру мақсатында бүлдіршіндер, тәрбиешілермен аналарымыз бірігіп қазақтың “Ұлттық аспаптарымен” оркестор ойнады. Бүлдіршіндердің аналары да домбырамен күмбірлете ән шырқады.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде қонақтармен кері байланыс жасалды. Семинар қонағы №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Байсбаев Ердос Абилкаирович ойын жеткізіп, семинардың ұнағанын атап өтіп, ұлттық құндылықты ұлықтап жүрген балабақша ұжымына ризашылығын жеткізді
“Үштік одақ — Бала бақыты” жобасымен “Киіз басу” кіріктірілген дамыту курсы үлестірмелі материалдың авторы Омарбекова Фарида Қызырқанқызы іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, алғыс ретінде №121 бөбекжай-балабақшасына өзінің авторлық кітабына қол қойып, сыйға тартты.Бұл кітап №121 балабақшасының алтын қорында сақталып, кәдеге жарары анық
Семинар жоғары деңгейде өтті. Осындай керемет іс-шараны ұйымдастырған балабақша меңгерушісі Колдабаева Шолпан Отепбергеновнаға, музыка жеткшісі-Свистунова Н.В,әдіскер-Кудайбергенова Т.К ,тәрбиешілер Абдуллаева З.Р, Тажибаева М.И,Молдаханова А.С,Ахметова Д.А,Шарипова С.Т,Мамедова Б. Ш, Серкебаева А.Е. -ға,№121 бөбекжай-балабақшасының ұжымына мың алғыс айта отырып шығармашылық табыс тілейміз!
BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Елназ Тұрсынғалиқызы